16 қазан 2023
2023 жылғы 16 қазанда жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.Б.Қожасова кәсіби даярлық факультетінің 2 курс курсанттарына «XV-XVIII ғасырларда Қазақстанның мемлекеті мен құқығы» тақырыбына ашық дәріс сабағын өткізді.
Дәрісті өткізу барысында «Қазақстанның XV-XVIII ғасырлардағы мемлекеті және құқығы» тақырыбы қаралып, негізгі аспектілері: басқару органдары, әкімшілік-аумақтық құрылысы және салық жүйесі, сондай-ақ тарихи құқық ескерткіштерінің ережелері ашылды.