17 сәуір 2024
Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы. полиция подполковнигі Оксана Ладыгина жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің ғылыми-педагогикалық магистратурасының 1 курс магистранттарына «Қылмысқа қарсы күрестегі мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы» пәні бойынша «Қылмысқа қарсы күрестегі мемлекеттердің ынтымақтастығын үйлестіруші халықаралық ұйымдар» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.
Адамзат өркениетінің тарихы даму барысында қылмыстармен және олармен күресумен байланысты. Біз білетіндей, қылмыстылық пен қылмыскерлер бүгінде заңдылық пен құқықтық тәртіпке, қоғамның саяси жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіруде. Осыған байланысты Интерпол, БҰҰ, ЕҚЫҰ сияқты қылмысқа қарсы күреспен айналысатын халықаралық ұйымдарды және олардың қызметіндегі Қазақстанның орындарын зерделеу қажет.