ОӘО бастығы
Абдықалықова Ғазиза Мейрамқызы
Начальник УМЦ
Абдыкалыкова Газиза Мейрамовна
Орынбасарлары:
Тургумбаева Балжан Нуржановна
2019 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің №975 бұйрығымен Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының оқу-әдістемелік бөлімі оқу-әдістемелік орталығы болып өзгертілді.
2023 жылдан бастап оқу-әдістемелік орталықты полиция подполковнигі Абдықалықова Ғазиза Мейрамқызы басқарады.
2021 жылдан бастап оқу процесін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімшесін (ол – оқу-әдістемелік орталығы бастығының орынбасары) полиция подполковнигі Сейтжанова Нұргүл Кәкенқызы басқарады.
Оқу-әдістемелік орталықтың штаттық құрылымына: оқу процесін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімшесі, білім беру сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) тобы (бұрынғы бөлімше) және қашықтықтан оқыту тобы кіреді.
Қазіргі уақытта оқу процесін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімшесінде: 1 бастық, 1 – бастықтың орынбасары, 2 аға оқытушы-әдіскер, 1 оқытушы-әдіскер жұмыс істейді.
Бөлімнің негізгі іске асырылатын функциялары білім беру бағдарламаларын оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді қалыптастыруға, инновациялық білім беру технологияларын дамытуға және ішкі істер органдары қызметінің практикалық тәжірибесін қолдануға бағытталған Академияның білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесінің тиімді жұмыс істеуі болып табылады.
Қазіргі уақытта білім беру сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) тобының ұжымында: 2 аға оқытушы-әдіскер, 1 оқытушы-әдіскер.
Қашықтықтан оқыту тобында-1 аға оқытушы әдіскер.
Топ білім беру сапасы мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды қалыптастыруды, оларды тарату бойынша іс-шараларды жүргізуді, білім беру сапасын басқару жүйесінің нәтижелілігі мәселелері бойынша ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асырады, оқу-әдістемелік құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді, сабақ өткізу сапасын бақылауды жүзеге асырады, оқу процесі мен оқу қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді, курсанттардың үлгерімін жетілдіреді.
Оқу-әдістемелік орталықты құрудың мақсаты Академияда оқу процесін ұйымдастыру және бақылау, сондай-ақ жоспарлау, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру қажеттілігі және Академияның білім беру қызметінің бірыңғай ақпараттық ортасын бір бөлімшеде қалыптастыру болып табылады.
Оқу-әдістемелік орталықтың негізгі міндеттері академиядағы оқу процесін бақылаумен, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларымен, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді іске асыру, Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруды жүйелі қамтамасыз етуді, білім алушылардың ағымдағы және аралық білімін бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуді, оқу-әдістемелік және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша білім беру бағдарламаларын ақпараттық-техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Орталықтың болашағы – білім беру саласындағы озық тәжірибені зерделеу, цифрландыруды енгізу, академиялық адалдықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негізінде қызметті жоғары тиімді, қарқынды дамыту.