Қосымша білім беру факультеті
Қазіргі жоғары оқу орнының басты міндеті халықаралық білім беру кеңістігіне қозғалысты қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау, қазақстандық білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ әлемдік стандарттарға сәйкес құқықтық саясат құру болып табылады.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінің құрылу тарихы 1973 жылдан басталады, ол кезде КСРО ІІМ-нің 1973 жылғы 25 мамырдағы «КСРО ІІМ оқу орындары жанындағы Ішкі істер органдарының басшы құрамының біліктілігін арттыру курстарының жұмысын одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар туралы» бұйрығына және КСРО ІІМ КВШ бастығының 1973 жылғы 2 қазандағы бұйрығына сәйкес ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың алғашқы курстары өткізілді. Курстардан ІІО-ның 24 қызметкері өтті.
ҚР ІІМ-нің 1992 жылғы 30 наурыздағы № 109 «Қазақстан Республикасы ІІМ-нің КВШ Штаттарына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына, 1992 жылғы 7 сәуірдегі № 123 мектеп бастығының «Қазақстан Республикасы ІІМ КВШ штатына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес біліктілікті арттыру факультеті құрылды.
2010 жылғы қарашада Біліктілікті арттыру факультетінің базасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты құрылады.
2019 жылы ұйымдық-штаттық өзгерістер нәтижесінде институт базасында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультеті қайта құрылды. 2023 жылы Қосымша білім беру факультеті деп аталды.
Факультеттің қызметі «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 422 бұйрығына сәйкес ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың, сондай-ақ қызметкерлерді қайта даярлаудың оқу, әдістемелік, ғылыми және тәрбие процесін ұйымдастыру мен өткізуден тұрады және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметкерлерін кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру қағидаларын » және басқа да нормативтік құжаттармен толықтырады.
Факультеттің мақсаты-жоғары жалпы мәдениетті, кәсіби құзыреттілікті, азаматтық жетілуді және жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет мүдделерін қорғауға дайындықты біріктіретін жоғары білікті кадрларды даярлау.
Факультеттің қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың оқу, ғылыми және тәрбие процесін ұйымдастыру мен өткізуден, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты департаменті айқындайтын бағыттар бойынша қызметкерлерді қайта даярлаудан тұрады.
2010-2023 жылдар аралығында ІІО-ның 6000-нан астам қызметкері оқудан өтті. Қазіргі уақытта тергеу, жедел, криминалистикалық бөлімшелердің, анықтау органдарының, жергілікті полиция қызметінің, көші-қон қызметінің, ЖБО және кезекші бөлімдердің қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, «Охотзоопром»РМҚК инспекторы біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өтуде.
Оқу процесі 36, 72, 108 сағатқа есептелген қысқа мерзімді тақырыптық курстардан тұрады және Академия басшылығы, кадр саясаты департаменті, Қазақстан Республикасы ІІМ бейінді комитеттері арнайы әзірлеген және бекіткен оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері үшін және ағымдағы жылдан бастап ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері үшін қашықтықтан білім беру технологиялары арқылы оқыту жүргізілуде. Факультет базасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның бағдарламалар офисімен, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп семинар-тренингтер өткізілді.
Қосымша білім беру факультетінің құрылымына екі орталық кіреді:
Тергеу бөлімшелерінің мамандарын даярлау орталығы
Факультет бастығы.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультеті бастығының орынбасары, сонымен қатар тергеу бөлімшелерінің мамандарын даярлау орталығының бастығы,
Аға оқытушы-әдіскерлер
Әдіскер-оқытушылар
Заңсыз көші-қон және адам саудасына қарсы күрес бойынша мамандар даярлау орталығы
Орталық бастығы: Аға оқытушы-әдіскерлер
Әдіскер-оқытушылар
Біліктілікті арттыру курстарында оқу барысында факультет ұжымы бекітілген жоспар бойынша кәсіптік оқыту факультеті курсанттарының біліктілікті арттыруға келген жедел, тергеу бөлімшелері бастықтарымен, бастықтарының орынбасарларымен кездесулерін ұйымдастырады, сондай-ақ ҚР ІІМ Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының мұражайы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы, Қарағанды қаласының өлкетану мұражайы бойынша экскурсиялар өткізеді.