Қылмыстық процесс кафедрасы
Қылмыстық процесс кафедрасы
1986 жылы тамыз айында Ішкі Істер органдарының жоғары білікті мамаңдарды, оның ішінде тергеушілерді даярлау мақсатында КСРО ІІМ-мен Қылмыстық процесс жеке кафедрасы құрылды. Кафедраның алғашқы бастығы болып заң ғылымдарының кандидаты Анатолий Әлімұлы Рзаев тағайындалды. Кафедра қызметкерлері ретінде аға оқытушы ретінде К.У. Тәшібаев, аға оқытушы Н.И. Сотников, оқытушы ретінде А.М. Шокаев тағайындалды.
Кафедрада Қазақстан Республикасының Жоғарғы мектебінің ғылымдары мен қызметкерлері, сонымен қатар ТМД профессорлары, жұмыс істеді, оның ішінде: Коғамов М.Ч., Толеубекова Б.Х., Лившиц Ю.Д., Грымко В.П., Сарсенбаев Т.Е., Ахпанов А.Н. Сонымен қатар кафедрада басқада ғылыми-практикалық процесуалистер жұмыс атқарды: з.ғ.к. Байжанова Г.К., з.ғ.к. Бачурин С.Н., з.ғ.к. Бекишев Д.К., з.ғ.к., доцент Капсалямов К.Ж., з.ғ.к., профессор Ким Д.В., з.ғ.к., Клещев М.Р., з.ғ.к. Кобпаев Д.З., з.ғ.к. Кусайнов Ш.К., з.ғ.к. Пен С.Г., з.ғ.к., доцент Смирнов С.В., з.ғ.к. Хан А.Л., Балдаиров Т.Б., Гузенков Ю.Г., Мазанов С.Е., Макин Т.Ш., Турсынов Е.Е., Штонденко В.А. және тағы басқа мамаңдар.
Әр жылдары кафедраны басқарған басшылар: з.ғ.к., полиция подполковнигі А.А. Рзаев (1986-1987 жж.), заң ғылымдарының кандидаты, доцент,милиция полковнигі В.П. Гмырко (1987-1991 жж.), Заң ғылымдарының докторы, профессор, полиция полковнигі Тулебекова Б.Х. (1991-1992 жж.), заң ғылымдарының кандидаты, доцент Смирнов С.В. (1996-1998 жж.), заң ғылымдарының докторы, профессор полиция полковнигі А.Н. Ахпанов (1992-1996 жж., 1998-2007 жж.), заң ғылымдарының докторы, доцент полиция полковнигі Т.А. Ханов, (2007-2010 жж.), заң ғылымдарының кандидаты,профессор, полиция полковнигі Ш.Қ. Құсаинов (2010-2013 жж.), заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі С.Н. Бачурин (2013-2014 жылдар), заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі А.М. Майтанов (2014-2018 жж.),PhD, полиция полковнигі Д.Ә. Әбеуов (2018 – 2022 жж.), заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Т.Н. Сүлейменов (2022 жж.).
Қазіргі уақытта, қызметкерлер саны 18 адам, соның ішінде профессорлық-оқытушылық құрам 15 адамды құрайды.
Кафедра құрамы: кафедра бастығы, з.ғ.к., полиция полковнигі Т.Н. Сүлейменов, кафедра бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.А. Хасенов; кафедра доценттері: з.ғ.к., полиция полковнигі Б.А. Жақыпов, полиция полковнигі А.С. Ногайбаева, полиция полковнигі Н.Б. Майлыбаева, з.ғ.к., PhD, полиция майоры А.С. Джақсыбаев; аға оқытушылар:, полиция подполковнигі А.А. Каирбекова, з.ғ.м., полиция подполковнигі И.К. Әбдікамалова, з.ғ.м., полиция майоры Б.Е. Жақсыбаев; з.ғ.м., полиция подполковнигі Қ.М. Әлімбеков., з.ғ.м., полиция майоры Ж.М. Исетова, кафедра оқытушылары полиция подполковнигі Д.З. Ахметов.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы кәсіптік даярлық факультетінде, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінде, сондай-ақ қосымша білім беру факультетінде сабақтар өткізеді.
Кафедрада келесі пәндер бойынша сабақ өткізіледі:
«Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік құқығы: жалпы және ерекше бөлім», «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру», «Меншікке қарсы қылмыстарды болдырмаудың ұйымдастырушылық-тактикалық ерекшеліктері», «Іс құжаттарын құрастыру бойынша практикум», «Тергеушінің (анықтаушының) тергеу қарауларын тексеру жөніндегі жұмысын ұйымластару», «Жеке адамға қарсы қылмыстық әрекеттерді болдырмаудың ұйымдастырушылық-тактикалық ерекшеліктері», «Сотқа дейінгі тергеуде жауап алуды жүргізу ерекшеліктері», «Медициналық және көліктік қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу ерекшеліктері».
Кафедраның негізгі міндеті – тергеу-криминалистикалық және басқа мамандықтар бойынша оқыту, тәрбие және ғылыми-әдістемелік жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыру.
Білім беру мақсаты, қылмыстарды тергеп-тексеру және ашу, процестік құжаттарды толтыруда, анықтау және сот талқылауы мәселелерін реттейтін, қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша кәсіби білім мен дағдыларды, терең теориялық дайындықты игерген жоғары білікті заңгерлерді дайындау болып табылады.
Қазіргі заманауи жағдайда, мемлекет білім берудің барлық жүйесін компьютерлендіруде білім берудің әдістерін жасауда жаңа техникалық құрылғыларды қолдану сұранысы туындайды. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы осы бағытта мемлекеттік стандартқа, типтік бағдарламаларға, уақыт сұранысына сәйкес, белсенді оқу-әдістемелік жұмысын жүргізеді. Заманауи инновациялық технологиялар мен академияның материалдық базасы білім беретін пәндерді үйретуде, оқытудың техникалық құрылғыларын қолдануға мүмкіндік береді (бейне және жазба аппаратурасы, көрнекілік құрылғылар, компьютерлік құрылғылар). Сабақтарда курсанттармен қылмыстық істердің меңгеріледі және мұрағаттық материалдар талданады, кафедрамен Қарағанды қаласының аудандық соттарына сот процестері ұйымдастырылады. Оқу үрдісін толық қамтамасыз ету үшін, оқытушылармен білім беретін үш пән бойынша қазақ, орыс тілдерінде кәсіби бейімделген дәрістер курсы басылып шығарылды, сонымен қатар оқу және оқу-әдістемлік құралдар дайындалды.
Қылмыстық процесс кафедрасы оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмысы екі бағыт бойынша олардың заң және қоғамдық ғылым аясындағы өзекті мәселелермен байланысты: «Қазіргі кезеңдегі ІІО-дағы сотқа дейінгі тергеу мәселелері»және «Сотқа дейінгі тергеуді оқыту әдістемесі» тақырыптары бойынша зерттеулер жүргізеді.
Тікелей осы бағытта диссертациялық зерттеулер дайындалады, баяндамалар жазылады және ғылыми мақалалар, монографиялар мен оқу құралдарыр басылып шығарылады, әдістемелік нұсқаулар және оқу-әдістемелік құралдарды шығару бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кафедра қызметкерлері қылмыстық процесс және сотқа дейінгі тергеп тексеру мәселелері бойынша бірнеше ғылыми жұмыстардың авторлары болып табылады.
Кафедраның жеке құрамы көрнекті ғалымдары мен құқық қорғау органдарының практикалық қызметкерлерін шақыра отырып, ғылыми-практикалық конференциялар, викториналар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырады және өткізеді. Кафедра оқытушылары диссертациялар бойынша оппоненттік қызмет атқарады, диссертацияларға және диссертацияның авторефераттарына пікір дайындауға қатысады.
Кафедра қызметінде, заң ғылымдарының докторлары ғылыми атағын алу үшін, диссертация қорғап шыққандар – Ахпанов А.Н. (1991 ж.), Ханов Т.А. (2007 ж.), заң ғылымдарының кандидаты Байжанова Г.К. (2000 ж.), Капсалямов К.Ж. (2000 ж.), Балтабаев К.Т. (2001 ж.), Мазур Н.В. (2001 ж.), Майтанов А.М. (2003 ж.), Бачурин С.Н. (2004 ж.), Кусаинов Ш.К. (2004 ж.), Мусилимов А.Е. (2004 ж.), Тукиев А.С. (2005 ж.), Пен С.Г. (2006 ж.), Копбаев Д.З. (2006 ж.), Жакупов Б.А. (2008 ж.), философия ғылымдарының доктары (PhD) атағын алу үшін – Смышляев А.С. (2016 ж.).
Кафедра тергеу-криминалистикалық мамандық бойынша мамандарды дайындап шығаруға жауапты. Кафедра түлектері Қазақстан Республикасының ПД жедел іздестіру және тергеу бөлімшелері қатарларын толықтыруда.
Байланыс ақпараты:
Тел. 8(7212)30-33-86
t.suleimenov@kpa.edu.kz
Facebook .