к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Тілдік дайындық кафедрасы

Тілдік дайындық кафедрасы

Ұлттық мәдениетті жаңғырту, қазақ тілінің маңыздылығы мен мәртебесін көтеру, орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынаста қолдануды нығайту, шет тілін үйренуді көздеуде 1992 жылы атестатталған тілдер кафедрасы құрылды. 1999 жылы тілдер кафедрасының талай жыл бойы ойдағыдай қызмет ететін және кадрларды дайындауды іске асыратын қазақ тілі кафедрасы және орыс тілі және шет тілдері кафедрасына бөлінісіне бөлінді. Оқу үдерісін оңтайландыру мақсатында 2005 жылы педагогикалық екі монолитті біртұтас ұжымға – тілдік дайындық кафедрасына біріктірілді.

Қазіргі кезде тілдік дайындық кафедрасы – тіл білімінің әр түрлі салаларын қамтитын, жоғары білікті пікірлестердің қалыптасқан шығармашылық ұжымы.

Оның қайнар бастауында ф.ғ.к., доцент Л.А.Чуйкина (1972-1990жж.), ф.ғ.к., доцент С.А.Диканбаева (1990-1993жж.), ф.ғ.к., доцент К.З.Сембиев (1992-1997жж.), Е.Е. Серімов (1992-2010 жж.), ф.ғ.к., доцент А.Ю.Самохин (1995-2005жж.), С.З.Абдрахманов (1996-1998жж.), Б.Е. Ибраев (1992-1994жж.), Ж. Бөрібаев (1992-1997жж.), Р.О. Оймауытов (1992-1993 жж., 1999-2005 жж.), М. Мырзабеков (1993-1997 жж.), С. Юсупов (1992-1994 жж.), Ж.Ж. Жетибаева (1993-2002 жж.), Л.А. Муслова (1993-2006 жж.), В.В.Фельде (2006-2007 жж.), Е.Г. Щетинин (1997-2004 жж.), Э. Дильдяева (2001-2005 жж.), Т. Кузнецова (1992-1998 жж.), Р.М.Стафеев (2002-2008жж.), ф.ғ.к., доцент А.А.Бейсеев (2003-2008жж.), С.К. Алтайбаев (1999-2007 жж.), К. Дос, (2002-2007 жж.), ф.ғ.к., қауымдастырылғын профессор (доцент) Қ.Н. Әбуғалиев болды.

Кафедраның жұмысының өркендеуіне мол шығармашылық күш пен жігер салынды. Әр жылдарда кафедраны: ф.ғ.к, доцент Л.А.Чуйкина (1972-1990 жж.), ф.ғ.к., доцент С.А.Диканбаева (1990-1992 жж.), ф.ғ.к. К.З.Сембиев (1992-1995 жж.) басқарды.

1995-2005жылдары орыс тілі және шет тілдері кафедрасының меңгерушісі ретінде ф.ғ.к., доцент А.Ю.Самохин болды.

1999-2005жж. аралығында қазақ тілі кафедрасының бастығы лауазымына ф.ғ.д., профессор Ш.Ш.Жалмаханов тағайындалды.

2005ж. екі кафедраны (қазақ тілі және орыс тілі және шет тілдері кафедрасын) біріктіріліліп, кафедра тілдік дайындық кафедрасы аталды.

2018-2020жж. аралығында тілдік дайындық кафедрасын ф.ғ.к., полиция майоры М.С.Абишева басқарды. Қазақстан Республикасы ІІМ 2020 жылғы 29 қаңтардағы №62 бұйрығына сәйкес тілдік дайындық кафедрасы ерікті жалдамалы қызметкерлерден тұратын жаңа құрам болып құрылды.

Бүгінгі таңда тілдік дайындық кафедрасының құрамында 7 қызметкер бар: кафедра бастығығ з.ғ.к. Е.Е. Серімов, аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі (қазақ тілі) А.М.Дүйсембеков, аға оқытушы (орыс тілі) А.С.Давленова, аға оқытушы (шет тілі) А.Е.Искакова, оқытушы (орыс тілі) Д.Р.Сулейменова, оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі (шет тілі) А.А.Луговой, оқытушы (қазақ тілі) Л.И.Казанаева, кафедраның лаборанты Жусупова М.К.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ