Әскери және тактикалық-арнайы даярлық кафедрасы
Әскери және тактикалық-арнайы даярлық кафедрасы
Әскери және тактикалық-арнайы даярлық кафедрасы 1969 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі бастығының бұйрығымен құрылды және әскери-қызметтік және дене шынықтыру даярлығы кафедрасы деп аталды. 1975 жылы жұмылдыру және тактикалық-арнайы даярлық кафедрасы болып қайта құрылды; қазіргі уақытта — әскери және тактикалық-арнайы даярлық кафедрасы.
Кафедраның бірінші бастығы Сабралиев Ғабдолмажит Сабралиұлы болды. 1970 жылдан 1974 жылға дейін кафедрада жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысының ардагері. Мемлекеттік наградалардың иегері.
Кейінгі жылдары кафедра бастықтары болды:
Виктор Семенович Мартыненко 1974-1978 ж. аралығында кафедра бастығы қызметін атқарған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Мемлекеттік наградалардың иегері. Михаил Макарович Безматерных 1979-1991 ж. аралығында кафедра бастығы қызметін атқарған. Шернияз Ислямұлы Макин 1991-1996 ж. аралығында кафедра бастығы қызметін атқарған. Айтқұл Сағатұлы Қосжанов 1996-2000 ж. аралығында кафедра бастығы қызметін атқарған, заң ғылымдарының кандидаты, доцент. Владимир Андрееевич Умнов 2000-2010 ж. аралығында кафедра бастығы қызметін атқарған. Ізбасхан Бекбайұлы Нысанқұлов 2010–2016 ж. аралығында кафедра бастығы қызметін атқарған. Полиция полковнигі Руслан Сағынбайұлы Баткульдин 2017 жылдан бастап 2020 жылғы уақытқа дейін кафедра бастығы қызметін атқарды. Полиция полковнигі Серғали Жұмағұлұлы Тоқтабеков 2020 жылғы сәуір айынан қараша айы аралығында кафедра бастығы қызметін атқарды.
Кафедраның құрылуы мен дамуына өздерінің үлкен үлесін қосқан тұлғалар: А.С. Омаров, Ж.К. Түсіпбаев, В.И. Полохов, В.И. Базилевский., В.Н. Харчев, И.Н. Багно, Г.В. Грущак., Г.Р. Молчанов, Н.Д. Зарайский, М.Н. Атағұлов, Д.С. Гизатуллин, М.М. Аксартов, Н.И. Жермоленко, Ш.И. Макин, А.Н. Платунов, В.М. Марков, Г.И. Калмыков, А.С. Қосжанов, В.А. Умнов, Н.М. Омаров, С.К. Рахимбеков, Ю.Г. Троценко, І.Б. Нысанқұлов, Р.С. Баткульдин, Т.Қ. Ысқақов, Х.Х. Темиров Ж.Е. Ерниязов, С.Ж. Тоқтабеков, А.А.Романов, Б.К. Тоғызбаев., Н.Ж. Қожамжаров.
Әскери және тактикалық-арнайы даярлық кафедрасы әскери және арнайы пәндерді оқытуға арналған. Әскери пәндердің басты мақсаты-жоғары жауынгерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыру, күрделі жедел жағдайда жылдам бағдарлай білу, қару-жарақты, арнайы құралдар мен техниканы, жеке және белсенді қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, ерекше жағдайларда қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде бөлімшелерді басқару.
Кафедра курсанттармен тәрбие жұмысына көп көңіл бөледі. Кафедраның негізгі міндеті курсанттарға болашақ мамандыққа деген сүйіспеншілікті ояту, терең білім алуға ұмтылу, олардың бойында патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, Конституцияға адалдық және заңды түрде сайланған Президентке адалдық сезімін тәрбиелеу.
Курсанттарды тәрбиелеуге кешенді көзқарас мақсатында оқу сабақтары жоғары моральдық-жігерлік, жауынгерлік, психологиялық қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылады, академияның жеке құрамын 1-курс курсанттарының салтанатты Ант қабылдауына және 4-курс курсанттарымен бітіру іс-шараларына дайындауға көмек көрсетіледі.
Кафедра әскери-патриоттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады. Кафедрада атыс бойынша спорттық жетілдіру тобы жұмыс істейді. Академияның жауынгерлік қарудан ату бойынша құрама командасы ұзақ уақыт бойы Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындары спартакиадасының тұрақты чемпионы болды.
Кафедра ұжымы жүйелі түрде спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізеді: саптық және әндер конкурстар; Отан қорғаушы күніне және Жеңіс күніне арналған әскери-спорттық эстафета; Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Академия бастығының кубогы» үшін жауынгерлік қарудан ату бойынша дәстүрлі жарыстар және т.б.
Кафедра кәсiби даярлық факультетiнде, қосымша бiлiм беру факультетiнде сабақтар өткiзедi және мынадай пәндердi оқытуды қамтамасыз етедi: әскери дайындық, ату дайындығы, арнайы тактика, өмір қауiпсiздiгi.
Оқытушылар сабақтарды өткізудің заманауи нысандары мен әдістерін пайдаланады. Практикалық сабақтар мамандандырылған аудиторияларда да, Долинка кентіндегі академияның оқу-дала лагерінің полигондарында да өткізіледі, Қарағанды облысының ПД «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің базасында, облыстың ТЖД бөлімшелерінде шығу сабақтар көзделген.
Атыс тирлері мен оқу полигондарында курсанттар оқудың барлық кезеңінде оқ ату дағдыларын жетілдіреді, қарулы қылмыскерлерді залалсыздандыруға және ұстауға үйренеді. Төтенше жағдайларда өмір сүру негіздерін үйренеді, алғашқы медициналық көмек көрсетуді, автокөлік құралдарын басқаруды үйренеді.
Кафедраның жеке құрамы негізгі сабақтардан басқа академияның жиынтық жасақ құрамын дайындаумен қатар, Азербайджанда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, Арменияда Таулы Карабах, Арменияда Спитак қаласында болған жер сілкінісінің нәтижелерін жоюға, «Олимпиада-80» спорттық жарысында, Москвадағы «Ізгі ниет ойындары» мемлекеттік іс-сапармен келген Папа Римский Иоанн Павел ІІ келу сапарында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты. Сонымен қатар Астана қаласында өткізілген әлемдік 1-ші және 2-ші діни съезіне және ЕҚЫҰ-ның Саммитінің қоғамдық қауіпсіздігін және ЭКСПО-2017 көрмесінің өту барысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты.
Академияның жиынтық жасағының жеке құрамы ҰҚК, ІІМ, ҰҰ бөлімшелерімен бірлесіп жедел-тактикалық, терроризмге қарсы оқу-жаттығуларды өткізуге тұрақты түрде қатысады.
Кафедра құрамы:
Кафедра бастығы – полиция полковнигі Ф.Е. Бөрібай.
Кафедра бастығының орынбасары – полиция полковнигі А.Т. Нұрмахамбетов
Аға оқутышы – полиция капитаны Е.М. Махметов
Аға оқутышы – полиция майоры З.Д. Хайрулла
Аға оқутышы – полиция майоры Б.Д.Кусаинов
Аға оқутышы – полиция майоры Т.Д.Утеубаев
Аға оқутышы – полиция майоры А.Ж. Садырбеков
Оқутышы – полиция майоры Ж.Н. Нурмашев
Оқутышы – полиция капитаны Қ.А. Құшмағамбет
Оқутышы – полиция капитаны Р.Р.Зейнуллин
Оқутышы – полиция аға лейтенанты Ә.А.Қабыкенов
Оқутышы – полиция лейтенанты Е.А.Егізбаев
Тир бастығы – полиция лейтенанты С.В.Зинов

Байланыс ақпараты:
Тел.: 8(7212) 30-37-55
Эл. почта: boribay77@bk.ru