к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы

Қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасы (қылмыстық құқық және криминология кафедрасы) 1969 жылы құрылды.

Әр жылдары кафедрада В.А.Елеонский, Ю.Д.Лившиц, Е.А.Харшак, И.М.Эпельбейм, з.ғ.к. В.Д.Иванов, з. ғ. д., профессор Е.І.Қайыржанов, з. ғ. к., профессор Р.Б. Кульжакаева, з.ғ.к., докторы Н.С.Гагарин, з.ғ.к., доцент С. Б. Әбілғазин, сияқты белгілі ғалымдар еңбек етті.

1992 жылдан кафедраны заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі И.Ш.Борчашвили басқарды, 2009 жылдан кафедраны заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі С.М. Иманбаев, 2012 – 2021 жылдары заң ғылымдарының кандидаты С.К. Алтайбаев, қазіргі таңда заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Г.Ж. Мухамадиева басқарады.  

Кафедра бастығының орынбасарлары ретінде з.ғ.д., профессор Н.М.Әбдіров, з.ғ.к., доцент Г.К. Рақымжанова, з.ғ.к. С.М. Құсдаулетов, з.ғ.к., доцент С.М. Иманбаев, з.ғ.к., з.ғ.д., профессор З.С.Тоқубаев, з.ғ.к., доцент Б.Ө.Сейтхожин жұмыс атқарды.  

Әр кезеңде кафедрада қызмет атқарғандар: з.ғ.д., профессор Т.К. Әкімжанов, з. ғ. д., профессор М. Ч. Қоғамов, з. ғ. д., профессор Е.А. Оңғарбаев, К.У.Тәшібаев, Т.С. Какимжанов, В.А. Пенчуков, А.Д.Шинкаренко, з.ғ.д., профессор А.А. Смағұлов, з. ғ. к., доцент С. Н. Баймағамбетов, з. ғ. к. А.Б. Байсұлтанов, з.ғ.к. М.С.Баймурзин, з. ғ. к., доцент Ы. А. Жан­дар­бе­ков, з.ғ.к., доцент С.И. Қаракүшев, доцент Б. М. Құрманбаев, доцент С.И. Куставлетов, з.ғ.к., доцент М.К.Ынтықбаев, з.ғ.к. А.Е. Қапышев, доцент К.Р. Сарықұлов, з.ғ.к., доцент Д.С. Темирова, з.ғ.к., доцент Г.Х.Феткулов, з.ғ.к. К.Ж.Баетов, з.ғ.к. А.С.Қасымова, з.ғ.к., доцент С.А.Тессман, з.ғ.к. Е.В.Пенчуков, з.ғ.к. Ж.А.Кенбаев, з. ғ. к. А.К. Мұқашев, з.ғ.к. М.А.Жуманиязов, з. ғ. к. Б.Б. Кощегулов, Phd докторы М.Е. Балғожина, з.ғ.м. А.М. Нурахметова, з.ғ.к. С.К. Алтайбаев және басқалар.

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы кәсіптік даярлау факультетінің, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің және кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінің білім алушылары үшін сабақтар өткізеді.

Кафедра келесі пәндерін оқытуды жүзеге асырды: «Қазақстан Рес­публикасының қылмыстық құқығы», «Криминология», «ІІО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері», «Қазақстан Республикасы­ның қылмыстық-атқару құқығы», «Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау негіздері» «Қазіргі кезеңдегі қылмыстық құқық бұзушылықтар саралаудың өзекті проблемалары», «Қылмыстылық себептерінің теориясы және оның алдын-алу», «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын қолданудың теориясы мен практикасы», «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының теориясы», «Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың өзекті проблемалары», «Жазаны орындау мен тағайындаудың тұжырымдамалық негіздері», «Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің және ашудың ұйымдастырушылық-тактикалық ерекшеліктері», «Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру және ашу», «Жеке адамға қарсы қылмыстарға қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-тактикалық ерекшеліктері».

Оқу-әдістемелік материалдар Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия туралы «2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауы аясында қайта өңделген. Қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылатын заңнамалық актілерінің өзгерістері мен толықтыруларын ескере отырып және Қазақстан Республикасы ІІМ жүйесінің оқу қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы ІІМ-ң жаңадан қабылданған нормативтік актілеріне сәйкес мемлекет Басшысы К.К.Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша ұсыныстар енгізеді.

Кафедрада Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасындағы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, кафедра пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қор дәрістері қайта өңделеді.

Оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу кезінде оқытудың техникалық құралдары, сондай-ақ тергеу-сот практикасының қайта өңделген материалдары пайдаланылады. Оқу үдерісін жетілдіру мәселелері кафедра ұжымының үнемі назарында.

Кафедра пәндері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әдістемелік ұсынымдар әзірленді, кафедра оқытушыларының бейне-дәрістері әзірленді. «Жеке адамға қарсы қылмыстар бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру» ғылыми тақырыбын іске асыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Тақырып шеңберінде жоспарда бекітілген мынадай іс-шаралар орындалады: зерттеу материалдарын жинау және талдау жүргізіледі; Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне қолданыстағы қылмыстық заңнаманы жетілдіру, қылмысқа қарсы күрес бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық-атқару кодекстерінің мониторингі жөніндегі жұмыс тобына ұсыныстар үнемі әзірленеді және жіберіледі.

Тәрбие жұмысы кафедра жоспары, оқытушылардың жеке жоспарлары, жалпы академиялық іс-шаралар жоспары бойынша жүргізіледі және мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: кафедра отырысында курсанттардың үлгерімі мен тәртібінің жай-күйін қарау; оқу топтарының кураторлары ретінде кафедра оқытушылары жүргізетін жұмыс, курсанттардың бос уақытын ұйымдастыру және патриоттық тәрбие; мемлекеттік тілде сабақ жүргізетін оқытушыларға тәлімгерлік; кафедра оқытушыларының оқу-жаттығу жиындарын қалыптастыру және курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына сәйкес білім алушылардың зерттеушілік іскерлігін жетілдіру.

Қазіргі уақытта кафедрада кафедра бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Г.Ж. Мұха­мадиева, кафедра профессоры, заң ғылымдарының докторы З.С.Токубаев,  кафедра профессоры, философия докторы Phd М.Е. Балғожина, кафедра доценті философия докторы Phd, полиция подполковнигі А.К. Дюсенбаева, аға оқытушы заң ғылымдарының магистры, полиция подполковнигі Ө.А.Тұрғанов, аға оқытушы заң ғылымдарының магистры, полиция подполковнигі Н.Д. Бубербаев, аға оқытушы, заң ғылымдарының магистры, полиция подполковнигі А.Н. Арынова, оқытушы, заң ғылымдарының магистры, полиция майоры Ж.А.Садуакасова, оқытушы, полиция капитаны А.С.  Рахманов жұмыс істейді.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ