к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы

Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы

1970 жылдың 7-ші қыркүйегінде КСРО-ның ІІМ Оқу бөлімі Бас басқармасының № 75–ші бұйрығымен Қарағанды жоғары мектебінің Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы қабылданып бекітілді. Осы уақыттан бастап кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ішкі істер органдарының жедел бөліністеріне мамандар дайындап келеді.

Кафедраның алғашқы бастықтары болып және осы кафедраның құрылуына аса маңызды үлкен үлес қосқан ІІО–да еңбек атқарып жүрген тәжірибелі қызметкерлерді баламалап ғылыми және кәсіби деңгейдегі оқытушылар құрамын жинауға ат салысқан заң ғылымының кандидаты, доцент, милиция полковнигі Назарбаев Дүйсенғали Назарбаевич тағайындалды.

Әр түрлі жылдары ЖІҚ кафедрасының басшылық құрамында болғандар: В.Ф. Усенко, Ю.М. Денисов, С.Ж. Галиев, Қ.Ш. Уканов, А.Д. Шаймұқанов, Қ.Л. Әлжанов, Р.Ш. Қарымсақов, А.Н. Журавлев.

Кафедраның құрылымына және дамуына үлкен үлес қосқан оқытушылар: И.И. Овсиенко, В.М. Матиевский, Г.Г. Куур, Қ.Л. Әлжанов, А.Г. Таскаев, С. Аталыков, Т.Б. Ахметов, А.М. Майтанов, К.А. Батырханов, Қ. Жақиянов, А.Г. Строков, Т.С. Саламатов, Г.С. Тұрдыкұлов, К.Ж.Утимисов, Қ.Қ. Біржанов, Н.М. Ембергенов, М.Т. Есбергенов, Ж.К. Уразбеков, Ж.Т. Жансақалов, Қ.С. Мейрамбаев, Қ.С. Лақбаев, А.Ж. Қосубаев, Ф.И. Коротков, А.В. Пименов, С.З. Аймағанбетов, Е.С. Абулғазин, А.М. Жапаров, А.М. Молдабеков, А.А. Нұрмағанбетов, М.М. Дюсубалиев, Д.А. Уақасов, Д.Т. Ахметов және т. б.

Уақыт өткен сайын кафедраның көптеген ардагерлері сіңірген еңбектері үшін құрметті демалысқа шығып, олардың орындарына іс-тәжірибеде еңбек атқарып жүрген мектебіміздің түлектері келді: Қ.Б. Манапов, Е.Е. Тұяқов, С.Б. Көлбаев, А.Б. Рашев, С.В. Федотов, Т.А. Косжанов, Қ.Р. Тусупбеков, Ж.Н. Сапарғалиев, Ғ.М. Исмаилов, Н.Қ. Канкулов және басқа да тәжірибелі жедел-іздестіру жұмыстарының мамандары келді. Кафедрада әлі күнге дейін, тек жедел-іздестіру қызметтерінде қызмет атқарған қызметкерлерді жұмысқа алу үрдісі жалғасып келуде.

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының құрылымында жедел-іздестіру қызметі кафедрасына ішкі істер органдарындағы кадрларды дайындауда оқу-ғылыми бөліністерінің негізгі міндеттері жүктелген.

Қазіргі уақытта кафедра құрамына мыналар кіреді:

Бастық з.ғ.к., доцент полиция полковнигі Манапов Куат Баданович;
Кафедра доценті полиция полковнигі Рашев Айбат Бакытович;
Кафедра аға оқытушысы полиция полковнигі Канкулов Нурлан Канатович;
Кафедра аға оқытушысы полиция подполковнигі Тусупбеков Кайрат Рысбекович;
Кафедра аға оқытушысы полиция подполковнигі Исмаилов Гани Мейрханович;
Кафедра оқытушысы полиция полковнигі Кульбаев Сакен Базарбекович;
Кафедра оқытушысы полиция майоры Шаймуханов Аян Ахметкалиевич;
Кабинет бастығы полиция майоры Садуахасова Айзада Халеловна.

Кафедраның негізгі міндеттері:

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қылмыспен күресте шетел тәжірибелерін енгізуді және оқытуды белсенді жүргізуде. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Анкара қаласы Түрік ұлттық полиция барлау Академиясының базасында жоғары деңгейлік квалификация курстарын өтуге қатысты және Урумчи қаласы Қытай Халық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік Министірлігінің Сциньзань полиция академиясының базасында есірткімен күрес тақырыбына байланысты семинар жұмыстарына қатысты, сондай-ақ Сауд Арабия Корольдігі Эр-Рияд қаласындағы Наиф Ханзада атындағы Араб университетінде болды.

Кафедраның негізгі бағыттардың бірі курсанттардың ғылыми жұмыстарын жүзеге асыру.

Жедел-іздестіру қызметі кафедрасында «Ішкі істер органдарында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру» ғылыми үйірме жүзеге асырылады.

Ғылыми үйірмені жүзеге асыру барысында аса көңіл бөлінетін ол, мәселелі топтармен ғылыми көзқараспен нақты тапсырмаларды шешудің жолдары, негізгі ғылыми талдаулармен таныстыру, басқа да тәжірибелік мысалдарды талдау жүргізу және қылмыспен күресте ІІО криминалдық полиция аппараттарының материалдарын пайдалану.
Кафедрада күндізгі оқу факультетінің барлық курсанттарымен жеке тәрбиелік жұмыстарын жүргізу және таңдаған мамандықтарын сыйлауға үлкен назар аударылады.

Жыл сайын кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қылмыстық іздестіру күніне орай күндізгі оқу факультетінің 2 және 3 курс курсанттарының арасында «Жедел ойлау қабілеті» викторинасын ұйымдастырады.

Байланыс ақпараты:
Кафедра бастығы: Манапов қуат Богданович
тел.: 8 701 288 78 17
эл. пошта: k.manapov@kpa.edu.kz

[

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ