Кәсіби – психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасы
Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасы
Кәсіби – психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасы (бұдан әрі – кафедра) Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының (бұдан әрі – академия) негізгі құрылымдық бөлінісі болып табылады.
Кафедра өзқызметіндеҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы»,«Қазақстан Республикасының Ішкіістероргандарытуралы» заңдарын, ҚазақстанРеспубликасыБілім министрлігі жоғары білім берудің мемлекеттікжалпыға міндетті стандарттарын, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі арнайы оқу орындарының қызметтерін ұйымдастыру ережесін, өзге құқықтық актілерді, академия бастығының бұйрықтарын, Ғылыми кеңес шешімдерін, соның ішінде осы Ережені басшылыққа алады.
Кафедра ғылыми педагогикалық кадрларды дайындайды және олардың біліктілігін арттырады, сондай-ақ «жаңа форматтағы» полиция қызметкерлерін дайындауды жүзеге асырады, сондай-ақ, адамгершілік негіздерді қалыптастырады, курсанттарды азаматтылыққа тәрбиелейді;
– заңдық және кәсіби–психологиялық пәндер циклі бойынша оқу сабақтарын жоғары ғылыми–теориялық және ғылыми–әдістемелік деңгейде ұйымдастырады және өткізеді;
– оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлейді және жетілдіреді, инновациялық білім беру технологиясын, оқытудың әдістері мен құралдарын енгізу, тәжірибелік органдардың қызметімен байланысты нығайтады;
– профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
– Қазақстан Республикасының ІІМ ішкі істер органдары қызметінің кәсіби білім беру жүйесін дамытуға бағытталған ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады;
– академияның басқа да құрылымдық бөліністерімен бірлесе отырып,курсанттармен тәрбие жұмыстарын жүргізеді;
– кафедра жеке құрамымен, академия курсантарымен, магистранттар мен, докторанттармен қазақстандық патриотизмді, ұлтаралық келісімді, қазақстандық полицейліктің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысын жүзеге асырады, соның ішінде. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауларын насихаттайды және іске асырады.
Бүгінгі күні кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы кәсіби даярлық факультетінде, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінде, біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінде мына пәндер бойынша білім береді:
- Ақпараттық-коммуникациялық технология;
- Психология;
- ІІО қызметтік іс жүргізу және құпиялылық режим;
- ІІО әкімшілік қызмет;
- ІІО қызметкерлерінің практикалық қызметке кәсіби-психологиялық дайындығы;
- ІІО қызметіндегі басқару негіздері;
- Менеджмент;
- Қазақстан Республикасының ІІО қызметіндегі деонтология мәселелері;
- Заң деонтологиясы;
- Басқару психологиясы;
- Құқық қорғау органдарын басқарудың теориясы мен практикасы;
- Әкімшілік полиция жұмысының қызметін басқару;
- Жоғары мектеп педагогикасы;
- Басқару психологиясы;
- Құқық қорғау органдарындағы ақпараттық қауіпсіздік;
- Жоғары мектепте ұйымдастыру және басқару;
- Болашақ педагогті дайындаудың психологиялық-педагогикалық негіздері;
- Психологиялықдайындық;
- Кәсіби дайындық;
- Іс жүргізуге кіріспе.