Дене дайындығы кафедрасы
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ДАЯРЛЫҒЫ КАФЕДРАСЫ
Кафедраның тарихы
Дене шынықтыру даярлығы кафедрасы 1969 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектеп бастығының бұйрығымен ұйымдастырылды және әскери-қызметтік және дене дайындығы кафедрасы болып атанды. 1975 жылы кафедрадан жауынгерлік және дене дайындық секциясы бөлінді және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының дербес бөлініс ретіндегі қызметі КСРО ІІМ ҚЖМ бастығы, әділет генерал-майоры Бейсенов Бәрімбек Сәрсенұлының 1975 жылғы 6 қыркүйектегі «Дене дайындығы секциясын ұймдастыру туралы» № 473 бұйрығымен басталды. Жаңа құрылған бөлімшенің бастығы болып ішкі қызмет подполковнигі В. В. Харчев (кафедра бастығының орынбасары құзырында) тағайындалды. Дене дайындығы секциясының алғашқы оқытушылары: ішкі қызмет капитаны В. И. Полохов, милиция лейтенанты В. А. Умнов, ішкі қызмет аға лейтенанты И. П. Шевченко, милиция капитаны В. Н. Грущак, М. Х. Байғабылов, В. Б. Конради, Н. М. Омаров, О.Ш.Асайынов болды.
ҚСРО ІІМ «ҚСРО ІІМ ҚЖМ штатында өзгерістердің тізімін бекіту туралы» 1979 жылғы 30 наурыз № 0233 бұйрығының орындау мақсатында 1979 жылдың 26 сәуірде ҚСРО ІІМ ҚЖМ бастығының № 0115 бұйрығы бойынша дербес бөлімше ретінде әскери және дене дайындық кафедрасы құрылды. Оның алғашқы бастығы болып ішкі қызмет майоры В. И. Базилевский тағайындалды.
Өткен кезеңдерде кафедраны алты адам басқарды: ішкі қызмет майоры В. И. Базилевский, ішкі қызмет подполковнигі В. Н. Шовкань, ішкі қызмет полковнигі Н. К. Шевченко, әділет подполковнигі В. И. Степанюк, полиция полковнигі Н.Ж.Мұхамедиянов және полиция полковнигі С.О. Асайынов.
Қазіргі кезде кафедраны самбо күресінен ҚСРО спорт шебері, полиция полковнигі Саят Мағауияұлы Тишмағанбетов басқарады.
Академияның оқытушылар мен тыңдаушылар оқиғаға қатысқанының кафедраның тарихта жеке орын алады: 1980 жылда Мәскеу қ. өткен Олимпиадада, 1986 жылғы Еркін ерік ойындарында қоғамдық тәртібін сақтау, Арменияда, Таулы Карабахта, Жаңа Өзенде, Әзербайжанда болған жаппай тәртіпсіздіктің және этника аралық қақтығыстарының жолын кесті. Арменияның Спитак қаласында жер сілкінісінің салдары жойылды, 2020 жылы Теміртау қаласында пандемияға COVID-19 қарсы оқытушылар қоғамдық тәртібін сақтауға қатысты. 2022 жылы қаңтарда Астана қаласында жаппай тәртіпті бұзбауына жол бермей қоғамдық тәртібін сақтауға оқытушылар үлес қосты.
Кафедраның өкілдері КСРО және Қазақ КСР, Қазақстан Республикасының ІІМ басшылығымен бірнеше мәрте белгіленді.
Мемлекетте үлкен қоғамдық-саяси іс-шараларды (2011 жылғы қыркүйекте Астана қаласына Рим Папасы Иоан Павел ІІ-нің мемлекеттік сапар, әлемдік дәстүрлі діндер және діни конфессиясының съезі, 2008 жылда Астана қаласының 10 жылдығы, 2017 жылда Экспоға қатысты, 2018 жылғы желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммиті) өткізу кезінде кафедраның оқытушылар қоғамдық тәртібін сақтауға үлестерің қосты.
Кадрлық құрамы
Қазіргі кезде кафедрада штаттық саны бойынша 10 адам – профессорлық-оқытушылықтың 10 бірлігі оның ішінде: 1 кафедра бастығы; 4 аға оқытушы; 5 оқытушы; 1 кафедра зертханашы.
Кафедра бастығы – самбо күресінен ҚСРО спорт шебері, полиция полковнигі Саят Мағауияұлы Тишмағанбетов;
Кафедра доценты – карате және қоян-қолтық ұрысы бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері және қоян-қолтық ұрысы бойынша еңбегін сінірген жаттықтырушысы полиция полковнигі Болат Тлеуғабылұлы Күлтаев;
Аға оқытушылар – еркін күресі бойынша спорт шеберіне үміткер, полиция подполковнигі Ерқанат Серікұлы Хасенов; қазақ күресі бойынша спорт шеберіне үміткер, полиция капитаны Нұрхан Сұлтанғазыұлы Құрмажан; ауыр атлетика бойынша спорт шеберіні полиция подполковнигі Саржан Берікұлы Балабаев.
Оқытушылар – еркін алынған самбо күресі бойынша ҚР спорт шебері Жанболат Жұмабайұлы Кішкентаев, самбо, дзю-до, қазақ күресі бойынша ҚР спорт шеберіне үміткер Нұржан Райханұлы Атембеков.
кафедраның жеке құрамы (1-қатар, сол жағынан оң жаққа – Н.С. Құрмажан, С.Б. Балабаев, Е.С. Хасенов, Н.Ж. Колдасов; 2-қатар (отырғандар) – Ж.Ж. Кішкентаев, С.М. Тишмаганбетов, Б.Т. Күлтаев)
Оқу-әдістемелік жұмыс
Өзінің денсаулығын жоғарғы деңгейде ұстау және сақтау дағдысын қалыптастыру мақсатымен, дене дайындығы, қоян-қолтық ұрысын оптималды деңгейде қолдана білу, оларды кәсіби іс-әрекетте жүзеге асыру өткен мерзімде кафедраның басты мақсаты күндізгі және сырттай оқыту факультеттердің, біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау инстуттың, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институттың тыңдаушыларымен дене мәдениеті мен күрестің жауынгерлік тәсілдері бойынша сабақтарды жоғары деңгейде ұйымдастыру және өткізу мүмкіндігі болып табылды.
Оқу-жаттығу процесін ұйымдастырумен бірге кафедраның ұжымы жыл сайын әртүрлі ғылыми және оқу-әдістемелік құжаттарды дайындайды (кафедраның пәндері бойынша оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі).
Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында кафедрада бар типтік оқу бағдарламасының материалдарына сәйкес өзгертулер еңгізсе, кафедрамен оқу-әдістемелік кешен дайындалады және жыл сайын қайта қарастырылады, оның ішінде:
– жұмыстық оқу бағдарламасы;
– оқытудың концепциясы;
– тақырыптық жоспарлар;
– дене дайындығы және қоян-қолтық ұрысы бойынша оқу процесінің кестесі;
– дене дайындығы бойынша бақылау нормативтерді тапсырудың кестесі;
– кафедраның оқытушылық құрамымен жүргізілетін сабақтың бақылау және өзара қатысу кестесі;
– кеңес өткізу графигі;
– оқу сабақтарының жоспары;
– әдістемелік талдаулар;
– қоян-қолтық ұрыс әдістері мен әрекетін қолдану бойынша қызметтік жағдайлар жиынтығы;
– дене дайындығы және қоян-қолтық ұрыстан тәжірибелiк сабақтарды өткiзу және ұйымдастыру, ағымдағы, межелiк және қорытынды бақылау бойынша оқытушыларға әдiстемелiк нұсқаулар;
– дене дайындығы және қоян-қолтық ұрысы бойынша тыңдаушылардың өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар.
Дайындалған материалдар кітапхананың қорында және кафедраның оқу-әдістемелік кабинетінде бар.
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Дене шынықтыру даярлығы кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ғылыми-зерттеу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы әр түрлі жолымен жүзеге асырады:
– кафедралық және зерттеу тақырыптарына байланысты жұмыстарды атқару;
– диссертацияларды дайындау;
– оқу және оқу-әдістемелік құрылымдары дайындау;
– дөңгелек үстелді өткізу;
– тыңдаушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын жетікшілік жасау.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытка дейін кафедраның авторлық ұжымы «Күрестің жауынгерлік тәсілдерін оқытуды жетілдіру мәселелері» тақырыбында жұмыс атқаруда. Тақырып жетекшісі – С.М. Тишмагабетов және Б.Т. Күлтаев. Зерттеу 5 жылға берілді (2023-2028 жж.).
Кафедрада «Дене мәдениеті мен спорттың көкейтесті мәселе» ғылыми үйірмесі істейді, онда 8 тыңдаушы айналысады. ТҒЗЖ үйірмесінің мүшелері тыңдаушылардың жыл сайынғы ғылыми-тәжірибелік конференцияларға айналысады. Ғылыми үйірмесінің отырыстар айдың екінші сейсенбі және бейсенбі күндері өткізіледі. Ғылыми үйірмесінің отырысында конференцияға дайындалатын докладтар талқыланады.
2023 жылдың ҒЗЖ жоспарына сәйкес дене шынықтыру даярлығы кафедрасымен келесі құжаттар дайындалды:
а) «Дене шынықтыру даярлығы» мақаласы (кафедраның аға оқытушысы, полиция подполковнигі Е.С. Хасенов) (кафедра мәжілісінің хаттамасы №12, 2023ж.07.02.) (п. 160 ҒЗЖ жоспары-2023);
б) «Дене шынықтыру даярлығы» мақаласы (кафедраның оқытушысы, полиция капитаны Н.С. Құрмажан) (кафедра мәжілісінің хаттамасы №12, 2023ж.07.02.) (п. 161 ҒЗЖ жоспары-2023);
в) «Дене шынықтыру және спорт даярлығы негіздері» дәрісі (кафедраның аға оқытушылары, полиция подполковниктері С.Б.Балабаев, Е.С.Хасенов, полиция капитаны Н.С.Құмажан, кафедра оқытушысы Н.Р.Атембеков). Талқыланып күндізгі оқыту факультетінің оқу процесіне ұсынылған (кафедра мәжілісінің хаттамасы №13, 2023ж.21.02.) (п. 162 ҒЗЖ жоспары-2023);
г) «Емтихан сессия кезіндегі физикалық белсенділік» дәрісі (кафедраның доценті, полиция полковнигі Б.Т.Күлтаев, кафедра оқытушысы полиция капитаны Ж.Ж. Кішкентаев). Талқыланып күндізгі оқыту факультетінің оқу процесіне ұсынылған (кафедра мәжілісінің хаттамасы №13, 2023ж.21.02.) (п. 163 ҒЗЖ жоспары-2023);
д) «Күрестің қолданбалы түрлері» (мемлекеттік тілде) оқу әдістемелік құралы (дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы Ж.Ж.Кішкентаев, кафедраның оқытушысы полиция капитаны Ә.А.Шуланбаев). Талқыланып күндізгі оқыту факультетінің оқу үрдісіне ұсынылған (кафедра отырысының 2023.14.03 № 14 хаттамасы (ҒЗЖ-2023 жоспарының 295 п.);
е) «Жеке сайыс» оқу әдістемелік құралы (мемлекеттік тілде) (денешынықтыру даярлығы кафедрасының доценті полиция полковнигі Б.Т. Күлтаев, полиция капитаны Н.С. Құрмажан). Талқыланып күндізгі оқыту факультетінің оқу үрдісіне ұсынылған (кафедра отырысының 2023.11.04 № 16 хаттамасы (ҒЗЖ-2023 жоспарының 296 п.);
Оқу процесіне енгізілген:
– «Өзін-өзі қарусыз қорғау» оқу әдістемелік құралы (мемлекеттік тілде) (денешынықтыру даярлығы кафедрасының аға оқытушылары полиция капитандары Б.Д.Кусаинов, Н.С.Құрмажан). Күндізгі оқыту факультетінің оқу үрдісінде пайдаланған. Академияның Оқу-әдістемелік кенесінде 2023 жылғы 22 ақпанда қарастырылып бекітілді, хаттама № 6. 2023.19.02 оқу процесіне еңгізу акті (ҒЗЖ-2014 жоспарының 64 п.)
– «Күрестің қолданбалы тәсілдері» оқу әдістемелік құралы (мемлекеттік тілде)кафедраның оқытушысы Ж.Ж.Кішкентайұлы және кафедра оқытушысы полиция полковнигі Б.Т. Күлтаевпен дайындаған. Күндізгі оқыту факультетінің оқу үрдісінде пайдаланған. Академияның Оқу-әдістемелік кенесінде 2023 жылғы 22 наурызда қарастырылып бекітілді, хаттама № 7. 2023.22.03 оқу процесіне еңгізу акті (ҒЗЖ-2023 жоспарының 65п.)
– «Жеке сайыс» оқу әдістемелік құралы (мемлекеттік тілде) (денешынықтыру даярлығы кафедрасының доценті полиция полковнигі Б.Т. Күлтаев, полиция капитаны Н.С. Құрмажан). Талқыланып күндізгі оқыту факультетінің оқу үрдісіне ұсынылған Академияның Оқу-әдістемелік кенесінде 2023 жылғы 19 сәуірде қарастырылып бекітілді, хаттама № 8. 2023.19.04 оқу процесіне еңгізу акті (ҒЗЖ-2023 жоспарының 66п.)
Б.Д.Кусаинов, Н.С.Құрмажан «Күрестің жауынгерлік тәсілдері» Оқу-әдістемелік құралы жарияланды.-Қарағанды: Қазақстан Республикасының ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы 2023. – 150 б.
Тәрбиелік жұмыс
Дене шынықтыру даярлығы кафедрасының жеке құрамы Академия тыңдаушыларымен тікелей оқу қызметінен басқа, тұрақты негізде тәрбиелік және спорттық-бұқаралық жұмыс жүргізуде.
Дене шынықтыру даярлығы кафедрасының қызмет ету ерекшелігі – сабақтардың оқудан тыс бұқаралық спорт жұмысымен байланысуы. Бұл, бұқаралық спортты және денсаулыққа пайдалы шараларды ұйымдастыру мен өткізу және бұқаралық спортты жетілдіру бөлімшелерінің топтарында сабақтар өткізуі болып табылады. Сонымен, академияның тыңдаушылары арасында оқу орнының алғашқы бастығы, құқық профессоры, әділет генерал-майор Бәрімбек Сәрсенұлы Бейсеновты еске алуына арналған жыл сайын күзгі және көктем-жазғы спартакиадалар және академияның тұрақты құрамы арасындағы «Денсаулық» қысқы спартакиадасы өткізіледі. Осыған орай, жалпы үш спартакиаданың бағдарламалары бойынша спорттың 18 түрінен жарыстар өткізіледі.
Айтарлық, тыңдаушыларды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мақсатында, академияда Қазақстан Республикасы халқының атаулы күндеріне байланысты спорттық-патриоттық шаралар өткізіледі. Бұл — Қазақстан Республикасының Күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Күні, «Наурыз» мейрамы, Отанды қорғаушылар Күніне және Ұлы Жеңіс Күніне арналған әскери эстафеталар.
Оқытылатын пәндердің мамандыруын есепке ала, басты назар кәсіби дене дайындығына (КПДД) аударылады. Оған, академияның дене шынықтыру даярлығы кафедрасымен әзірленген «Оқытудың блоктық жүйесі» бойынша оқу процесінде пайдаланатын Қоян-қолтық ұрыстың үш негізгі тарауы кіреді.
Академияда тыңдаушылардың өз спорттық деңгейін спорттық жетілдіру бөлімшелерінің (СЖБТ) 9 тобында жақсартуға мүмкіншіліктері бар. Бұл топтарда, «Спортты жетiлдiру бөлiмшесінің топтарында оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру туралы» академия бастығының бұйрығына сәйкес үнемі тұрғыда 100 адам (нақтырақ бұл көрсеткіштен асады) спортпен айналысады. Олар келесі бағыттар бойынша шұғылдануда: оқ ату, самбо күресі, дзюдо, еркін күрес, жекпе-жек, гир көтеру спорты, бокс, джиу-джитсу, қоян-қолтық ұрыс, Президенттік көпсайыс, Қазақстан Республикасының ІІМ оқу орындарының көпсайысы. Осының барлығы бізге облыстьқ, республикалық, халықаралық жарыстарда спорт түрлері бойынша чемпионаттар мен Әлемдік Бірінішіліктеріне қатысуға мүмкіндік береді.
Кафедра тәрбиеленушілері мен академияның дзюдо күресі, самбо, қоян-қолтық ұрыс, джиу-джитсу, жекпе-жек, жеңіл атлетика, многоборье бойынша құрама командалары бірнеше мәрте ҚСРО ІІМ, ҚСРО ІІМ ООБ, Қазақстан Республикасының, халықаралық жарыстардың облыстық және қалалық Чемпионаттардың чемпиондары мен жүлдегерлері болды. Жекелеген спортшылар самбо күресі, қоян-қолтық ұрыс, кикбоксинг бойынша Азия, Әлем Чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері болды.
Дзюдо, самбо, қазақ күресі, жекпе-жек, қоян-қолтық ұрысы, джиу-джитсу, гир көтеру спортынаң, жеңіл атлетика, ҚР ІІМ Оқу орындарының көпсайысы бойынша академияның құрама командалары әр түрлі жарыстарға – КСРО ІІМ Чемпионаттарына және Біріншіліктеріне, КСРО ІІМ ОО Спартакиадаларға, қалалық, облыстық жарыстарға, Республикалық турнирлерге, Матч кездесулерге, Қазақстан Республикасының Кубоктарға және Чемпионаттарға (оның ішінде ведомстволық), Халықаралық турнирлерге, Кубоктарға, Біріншіліктерге және Әлем Чемпионаттарына – қатысты және осы жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері бірнеше рет болып атанды.
Осы жетістіктер материалды–техникалық қамтудың негізінде болып отыр. Жақсы спорттық база және спорт құралдары жеткілікті болғанның арқасында кафедра оқытушылары тәрбие жұмысын жақсартып, оқытылатын сабақтардың сапасын одан әрі жақсартуда.
Дене шынықтыру даярлығы кафедрасы академияның, қаланың және Республиканың қоғамдық өміріне айналысып, спорттық және дене-сауықтыру шараларының үлкен саны ұйымдастырып өткiзедi, сыртқы спорттық жарыстарға қатысады.
Соңғы 5 жыл ішінде кафедра әр түрлі сайыстардан 2 Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежесі спорт шеберін және 17 Қазақстан Республикасының спорт шеберін дайындады.
Дене шынықтыру даярлығы кафедрасы оқу-тәрбиелік процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен иеленген. Кафедра келесі оқу-материалдық спорттық базасымен қамтамасыз етілген:
- легкоатлетикалық сектор бар стадион, жасыл шөпті екі футбол алаңы, синтетикалық қабатты 380 метрлік алты жолы бар, көрермендерге арналған құрылыс – 350 орынға арналған стационарлық трибуна; волейбол, баскетбол, үлкен теннис алаңы және варкаут бар гимнастикалық қалашық;
- спорт кешенінде төрт спорт залы бар: үлкен ойын залы – ауданы 18х42 м, әскери жеке сайыс залы – ауданы 6х36 м, қарусыз өзін-өзі қорғау залы – ауданы 6х18 м, жалпы дене дайындығына арналған залы – ауданы 6х12 м, киім ауыстыратын бөлме, дәретхана бөлмесі, жуынатын бөлме, оқытушылар кабинеті, қойма және оқу-әдістемелік кабинет бар;
- 25х13,9 метрлік аудандағы негізгі ваннасы бар және көрермендерге арналған 85 отыратын және 100 тұратын орындары бар су полигоны, душ қабылдайтын бөлме, дәрігерлік бөлме, нусқаушы бөлмесі; ерлер және әйелдер киім ауыстыратын бөлме; киім ауыстыратын бөлме; дәретхана; арнайы және техникалық бөлмелер – хлор сақтайтын бөлме, желдеткіш бөлме, электр желісі тұратын бөлме, құрал-саймандар бөлмесі;
- финдік саунасы, душ, дәретхана, демалыс бөлмесі, киім ауыстыратын бөлме, арнайы техникалық бөлме, электрощитті бөлмесі бар сауықтыру орталығы.
Академиядағы жазықтық және күрделі спорттық имараттардан басқа лагерлік жиын және дене дайындығы бойынша емтихандарын қабылдау мерзімінде кафедра Долинка кен. оқу орталығында орналасқан спорттық объектілерді (баскетбол және волейбол алаңы, гандбол және шағын-футбол ойындарына арналған шөп алаңы, гимнастикалық снарядтардың кешені, 100 метрлік жеңіл атлетикалық жолы, үзіндікке секіру үшін шұнқыр, кросстық трассасы) пайдаланады.
Академиядағы қолданыстағы спорттық объектілер санитарлық нормаларға сай ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты қарастырған оқу жоспарлар мен бағдарламаларды орындауға мүмкіндік туғызады. Құрылғылармен және қажетті заттармен қамтамасыз етілу деңгейі ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби дайындығының мақсатына және міндетіне сәйкес келеді.
Кафедраның оқу-әдістемелік кабинетте келесі оқу-әдістемелік материалдар бар: типтік және жұмыстық оқу бағдарламасы, оқу сабақтарының жоспары, кестелер, оқу бейнефильмдер, қордағы дәрістер. Кафедраның оқу-әдістемелік кабинетте қоян-қолтық ұрысының әр түрлі тақырып бойынша I-IV курс тыңдаушыларына оқу процесінде пайдаланатын оқу фильмдермен, әр түрлі спорт түрінен жарыстардың бейнежазулармен, сонымен қатар академия құрама командасының жарыстарға, турнирлерге, чемпионаттарға қатысуы туралы бейнематериалдармен 45 бейнекасета бар.
Кафедраның оқу-әдістемелік кабинеттерде кафедраның пәндер бойынша әр курсына тиісті оқу-әдістемелік материалдармен стендтер жабдықталған. Қоян-қолтық ұрысының бөлімдері бойынша көрнекі материалдар арнайы бөліністерде де: қолданбалы күрес түрлері, қарусыз өзін-өзі қорғау, жеке сайыс залдарында бар.
Академияның тылдық қамтамасыз ету бөлімі мен дене шынықтыру даярлығы кафедрасының жеке құрамының қатысуымен жыл сайын спорт ғимараттарында жетілдіру және жөндеу жұмысы бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп отырады. Академиядағы қолданыстағы спорттық объектілер санитарлық нормаларға сай. Құрылғылармен және қажетті заттармен қамтамасыз етілу деңгейі ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби дайындығының мақсатына және міндетіне сәйкес келеді. Функциялық міндеттеріне сәйкес дене дайындығы және қоян-қолтық ұрысы бойынша тәжірибелік сабақтары кафедраның барлық оқытушылармен өткізіледі.
2023 жылғы 24 – 28 ақпан аралығында Тайланд мемлекетінің астанасында Бангкок қ. Джиу-джитсудан ересектер арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде 30 мемлекеттен 600-ден астам спортшылар өзара мықтыларын анықтады. Аталған Азия чемпионатында 4 курс курсанты полиция сержанты Әмзе Аян алтын медальға ие болы.
Жарыстың қорытындылары бойынша 1 орын Қазақстан Республикасы джиу-джитсу құрама командасы алды.
2023 жылғы 05– 11 маусым аралығында Астана қаласында жауынгерліқ самбо бойынша Азия Чемпионаты өтті. Жеке сынақта I орын 52 кг дейінгі салмақтық санатта 3 курс курсанты, полиция қатардағы қызметкері Ғазиза Нұрмұханбетқызы (Қазақстан Республикасы ІІМ құрама командасының құрамында қатысты); «Жауынгерлік самбо ұрысы бойынша Қазақстан Республикасының Спорт шебері» спорт нормативін орындады.
2023 жылғы 07 – 10 желтоқсан аралығында Щучинск қаласында Қазақстан Республика бойынша гир көтеру спортынан 2024 жылғы Азия Чемпионатына қатысуға рұқсатын алуға іріктеу жарысы өтті.
Осы жарыста біздің Академиямыздың курсанттары полиция сержанттары ағайынды Назар мен Захар Коваленколар қатысты. Назар 68 келі салмақта жарысқа қатысып үшінші орынға ие болды. 73 келі салмақта Захар өте жақсы көрсеткішпен 1 орынға ие болы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының халқаралық спорт шеберінің нормативі орындалды.
2023 жылғы 14 – 16 желтоқсан аралығында Астана қ. ересектер арасында джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 4 курс курсанты полиция сержанты Шахноза Таджиева 52 келі салмақта бірінші орын алды сонымен қатар Қазақстан Республикасының құрама командасына енді. 2024 жылдын 5-8 мамырында Абу-Даби қ. Азия чемпионатына жолдама алды.
2023 жылдын 22-24 желтоқсан аралығында Көкшетау қаласында «Оқжептес» спорт сарайында Руслан Мукановты еске алуға арналған Халкаралық турнир өтті біздін курсанттар келесі натижеге қол жеткізді:
І орын
– 80 кг дейін салмақтық санатта – І курс курсанты қатардағы полиция қызметкері Е.Айдынұлы
– 88 кг дейін салмақтық санатта – ІІІ курс курсанты полиция сержанты Н. Қалиқанов
Байланыс ақпарат
Кафедраның электрондық пошта: kafedrafp@kpa.edu.kz
Жұмыстық телефон: 8(7212) 30-33-79