к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Учебно-полевой лагерь п. Долинка.KZ

Оқу-далалық лагері

Долинка кентінің оқу-дала лагерінің аумағы 100 га құрайды, онда орналасқан объектілері: 2 екі қабатты ғимарат, 100-метрлік атыс тирі, БӨП, асхана (250 орын), спорт алаңдары, жүгіру жолдары, кедергілер жолағы, саптық плац, гараж бокстары.

Осы лагерь аумағында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ІІМ әскери-арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес қабылдау науқаны жүзеге асырылады, ол конкурстық негізде жүзеге асырылады және дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді қабылдауды; оқуға кандидаттарды түпкілікті медициналық куәландыруды; кәсіби және психологиялық іріктеуді қамтиды. Оқу лагерінің академиядан тыс жерде болуы жоғарыда көрсетілген кезеңдерді оқу процесіне зиян келтірмей өткізуге мүмкіндік береді, Академия қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды және оқуға үміткерлерді қызмет өткеру жағдайларына барынша жақындатылған жағдайларда бағалауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Долинка кентінің оқу-дала лагерінің аумағында практикаға бағдарланған оқыту бағытын іске асыру мақсатында 3 курс курсанттарымен симуляциялық сабақтар, кедергі жолағынан өтуді, жергілікті жерде бағдарлау бойынша, атыс және тактикалық-арнайы даярлық бойынша теориялық білімді бекітуді қамтитын тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі. Академияның барлық қызметкерлері мен курсанттары Калашников автоматымен атыс дайындығынан өтеді.

Оқу-далалық лагерь аумағында құқық қорғау және арнайы органдардың әртүрлі бөлімшелерінің қызметкерлері үшін оқу-жаттығу полигонын ұйымдастыру мүмкіндігі бар.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ