ЖАЛПЫ КІТАПХАНА МЕҢГЕРУШІСІ
СИМЕЕВА ЖАНАРА МАРАТОВНА
ЗАВЕДУЮЩАЯ ОБЩЕЙ БИБЛИОТЕКИ
СИМЕЕВА ЖАНАРА МАРАТОВНА
Кітапхана
Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының кітапханасы оқу және ғылыми үдерісін, Қарағанды академиясының профессорлық-оқытушылық құрамын, докторанттардың, магистранттардың және қызметкерлердің ғылыми-зерттеу қызметін, курсанттардың оқу-зерттеу жұмыстарын ақпаратпен және әдебиеттермен қамтамасыз ететін Академияның басты құрылымдық бөлінісі болып табылады.
Бастапқыда кітап қоры 20000 баспа бірлігін құрады.Москва, Ленинград, Харковь, Казань және басқа да қалалардың университеттерінің ғылыми кітапханаларының (алмасу) айырбастаушы-дублетті қорларынан заң ғылымдарының оқулықтары және ғылыми әдебиеттері, мемлекет және құқық мерзімді басылымдары түсті. Қорды заң әдебиеттерімен толықтыру үшін ІІМ жүйесінің барлық жоғары мектептерімен және еліміздің университеттерімен байланыс орнатылды.
Қазіргі уақытта кітапхана қорында 300 мыңнан астам ғылыми, арнайы және көркем әдебиеттерінен жинақталған сақтау бірлігі бар. Біздің кітапхананың ерекше құндылығы «Сирек қор» болып табылады, онда 1930 жылға дейін жарық көрген әдебиеттер жинақталған. Бұл кітаптар өзінің көркем және полиграфиялық орындалуы бойынша көрнекті. Мұнда 1832, 1863, 1893, 1902 жылдардағы басылымдар жинақталған. Барлығы 1967 атау. Кітапхана қорында ерекше қатарды ІІО жоғарғы оқу орындарының және біздің академия оқытушыларының басылымдары құрайды – олар ғылыми еңбектер, монографиялар, мақалалар жинақтары, оқулықтары және оқу құралдары, заң пәндерінен диссертация авторефераттары. Қазақстан, ТМД елдері классиктерінің және шетелдік авторлардың көркем әдебиет қоры жинақталған.
Кітап қорымен қатар мерзімді басылымдар қоры да жинақталды – олар мемлекет және орыс тілдерінде жылдық газет тігінділері, әртүрлі «Бюллетендер…», «Хабаршылар…», ғылыми, заңдық, көркем және басқа да журналдар.
Кітапхана қызметін 2500-ден астам оқырман пайдаланады. Күн сайын 500-ге жуық оқырманға қызмет көрсетіледі. Кітапхана қоры жоғары оқу орнынан тыс, сондай-ақ өзінің баспаханасында басылып шығарылған, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді сатып алу арқылы үнемі толықтырылып отырады.
Академияда заманауи ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында кітапханада «ИРБИС-64» автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйе енгізілді. Бұл бағдарламаның негізінде кітапханада барлық технологиялық үдерістер жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта кітапхана ұжымында 9 маман еңбектенеді.
Олар жауапты адамдар, тәжірибесі мол және еңбек өтілі бар жоғары білікті мамандар:
Бүгін кітапхана – бұл тек қана кітап емес, ақпараттық орталық.
Байланыс ақпараты:
Тел.: 8(7212)30-34-22