Ғылыми кеңес
Ғылыми кеңес
Ғылыми кеңес Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары үшін мамандарды дайындауда жоғары сапаны қамтамасыз ету мақсатында ұжым күшін біріктіру бойынша академия қызметін басқарудың жоғары алқалық органы болып табылады.
Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңнамаларын, Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгі ережесін, сондай-ақ академияның Жарғысын басшылыққа алады. Ғылыми кеңестің қызметі оның құзырына кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың ашықтығына негізделеді.
Ғылыми кеңес Академия бастығының бұйрығымен құрылады. Оның құрамына академия бастығы, академия бастығының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің өкілдері мен басшылары, курсанттар кіреді. Қажетіне қарай жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жеке өзгерістер енгізілуі мүмкін. Ғылыми кеңестің төрағасы академия бастығы болып табылады.
Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты: кәсіби оқу бағдарламаларын табысты іске асыру мақсатында профессорлық-оқытушылық құрам және академияның білім алушылары үшін қажетті жағдайларды жасау; академияның қаржы саласын реттеу, материалдық-техникалық базасын нығайту; академияның одан әрі дамуына ықпал ету болып табылады.
Ғылыми кеңестің құзырына мыналар жатады:
- академияның құрылымын бекіту;
- академияның Жарғысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу;
- академияның оқу және ғылыми бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату (зертханалар, кафедралар, институттар (факультеттер және тағы басқалар);
- академияның даму тұжырымдамасын айқындау;
- академияның оқу-тәрбиелік, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудағы барлық негізгі болып келетін мәселелерді шешу;
- академия бастығының, академия бастығының орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпарат, халықаралық және басқа да қызмет түрлерін жүргізудегі бағыттары, нысандары және әдістері туралы жыл сайынғы есебін тыңдау;
- оқу-әдістемелік әзірлемелерді және оқу құралдарын, оқулықтарды шығаруды ұсыну және қарастыру;
- докторанттардың диссертациялық зерттеулері бойынша және магистранттардың ғылыми жетекші-кеңесшілерін және тақырыптарын бекіту;
- академияның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;
- академияның қызметкерлерін, шығармашылық ұжымды үкіметтік наградаларға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарау;
- алқалық шешімді талап ететін академияның ағымдық қызметінің өзге де мәселелерін қарау.
Ғылыми кеңес жоғары, ең алдымен, ведомстволық білім беру мен мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытудың жаңа тұжырымдамаларын дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттарын қарастыруға; оқытудың жаңа иновациялық технологияларын енгізуге көп көңіл бөледі.
Әр кезеңде ғылыми кеңесті тікелей ұйымдастырушылық басқаруды Академияның ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің қатарынан тағайындалған ғалым хатшылар жүзеге асырды. Олар: доцент майор В.А. Елеонский (1970 ж.), доцент майор И.Д. Назаренко (1970 ж.), доцент А.Т. Ащеулов (1971 ж.), доцент ішкі қызмет майоры В.Д. Иванов (1972-1975 жж.), доцент ішкі қызмет майоры С. Сабикенов (1975-1977 жж.), доцент ішкі қызмет подполковнигі А. Атишев (1978-1979 жж.), доцент ішкі қызмет подполковнигі Л.Г. Литовченко (1978-1979 жж.), доцент ішкі қызмет майоры В.Т. Плахутина (1980-1982 жж.), доцент ішкі қызмет подполковнигі М.Б. Сманов (1983 ж.), милиция капитаны С.Б. Әбілғазин (1984-1987 жж.), ішкі қызмет майоры А.К. Халменов (1987-1989 жж.), милиция капитаны Т.К. Әкімжанов (1989-1990 жж.), доцент милиция капитаны Е.А. Оңғарбаев (1991-1992 жж.), доцент ішкі қызмет подполковнигі Н.С. Бунякин (1992-1993 жж.) з. ғ. к., доцент ішкі қызмет подполковнигі Б.Х. Төлеубекова (1993-1994 жж.), ф. ғ. к., доцент полковник Д. Г. Өмірқұлова (1994-1996 жж.), ф. ғ. к., доцент әділет подполковнигі П.Г. Пивоваров (1997 ж.), э. ғ. к., доцент олковник Н.А. Лисова (1997-2005 жж.), з. ғ. к. полиция подполковнигі М. В. Щебетина, (2005-2011), з. ғ. к. полиция подполковнигі Ғ.Ж. Сулейманова (2011-2016), з. ғ. к., доцент полиция подполковнигі О.Т. Сейтжанов (2016-2017), з. ғ. к., қауымдастырылағн профессор, (доцент) полиция подполковнигі Д.А. Уақасов Д.А. (2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).