2023 жылғы қаржы қауіпсіздігі бойынша халықаралық олимпиадаға іріктеу кезеңі өткізілуде
Жұма, 2 Маусым 2023
Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетімен, «Тұран» университетімен, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары академиясымен бірге 2023 жылғы қаржы қауіпсіздігі бойынша халықаралық олимпиадаға іріктеу кезеңі өткізілуде. Іріктеу кезеңі шеңберінде қазылар алқасы құрамына IІМ Қарағанды академиясының жоғары білікті мамандары қылмыстық құқық және криминология кафедрасының доценті Ө.А. Тұрғанов және киберқауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының аға оқытушысы П.А. Тафинцев қатысты.