2025 жылғы үздік ғылыми мақала
Среда, 29 января 2025



Ұлттық Ғылыми Зерттеулер және Инновациялар Академиясы (NAcSIR) ұйымдастырған «2025 жылғы үздік ғылыми мақала» байқауында докторанттар, магистранттар және студенттер арасынан жас ғалым анықталды. Академиямыздың 406-оқу тобының курсанты Қалманбек Асылбек байқауда бірінші орынды иеленді. Оның ғылыми жетекшісі жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессоры М.А. Кусайнова диплом және алғыс хатпен марапатталды.