к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

24 маусымда Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Жұма, 25 Маусым 2021

24 маусымда Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыс жұмысына қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстан Республикасының ведомстволық оқу орындарының басшылары, ғалымдар қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
– Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты»Жолдауының ережелерін іске асыру;
– «ІІО жаңғыртудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде іс-шараларды орындау;
– ІІО қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің қарар тармақтарын іске асыру.

Іс-шара барысында іс-шараға қатысушылар ЖОО-ның кадрлық әлеуетін нығайту, жеке құрамның корпоративтік мәдениетін қалыптастыру және қызметтік тәртіпті арттыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар қатысушылар кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігін, оқу процесінің және ведомстволық ғылымның сапасын арттыруға ерекше назар аударды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Марат Чекишұлы Қоғамов қызметтің қорытындыларын шығарды, мүдделі құрылымдардың жұмыс нәтижелеріне талдау жасады және қызметтің бұдан әрі бағыттары белгіленді.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ