Қаңтарда болған оқиғалар кезінде қыздар мен бірінші курс курсанттарынан басқа
Сәрсенбі, 16 Қараша 2022
Қаңтарда болған оқиғалар кезінде қыздар мен бірінші курс курсанттарынан басқа, Қарағанды академиясының курсанттары елордада қоғамдық тәртіпті сақтауға күш жұмылдырған болатын. Ер азаматтарымыз Астана қаласында отандастарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз еткені үшін Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Академия бастығы Ақынқали Дәрменов сағаттар табыстады.
Дегенмен, қыздарымыздың да ерлігін ұмытпағанымыз жөн. Нәзік жандылар ведомстволық оқу орнының аумағында қалып, тыныштықты сақтауға ат салысты.
Қарағанды академиясының бастығы Ақынқали Дәрменов Ішкі істер министрінің бұйрығымен ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қыздары ержүректік танытып, атқарған қызметтері үшін естелік сағаттармен марапатталды.