Ағымдағы жылғы 12 сәуірде онлайн кездесуі өтті.
Сәрсенбі, 14 Сәуір 2021
Ағымдағы жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясы қызметкерлерінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азиядағы есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өкілдерімен (Кун Маркверинг, Рэда Сиргедиэне, Венди О҆ Брайен) онлайн кездесуі өтті.
Кездесуге Академияның атынан Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің Заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы күрес бойынша мамандарды даярлау жөніндегі орталығының бастығы полиция полковнигі Ж.А. Кенбаев, Ғылыми-зерттеу институтының ІІО тергеу қызметінің проблемаларын зерттеу орталығының бастығы полиция подполковнигі Е.В. Пенчуков, сондай-ақ Қылмыстық саясат және қылмыстың алдын алу проблемаларын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері полиция капитаны С.И. Молбасин қатысты.
Кездесудің нәтижесі бойынша тараптар Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының оқу бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру мәселелерін, сондай-ақ адам саудасына қарсы іс-қимыл, қылмыстық саясатты және қылмыстың алдын алуды талдау салаларындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу тәсілдерін талқылады. Сонымен қатар, Қарағанды қаласының аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілдерді енгізу бойынша пилоттық жобаның нәтижелері таныстырылды.