«Абай және ұлттық тәрбие» тәрбие сағаты өткізілді
Четверг, 19 июня 2025

2023 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шара өтті. Бұл шараны Тілдік даярлық және Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — Абай мұрасының рухани құндылығын насихаттау және оны ұлттық тәрбиеге енгізу. Тәрбие сағаты барысында курсанттарға Абайдың қара сөздерінен мысалдар келтіріліп, олардың өмірде қолданылуы туралы айтылды. Іс-шара Абайдың рухани мұрасын тереңірек түсінуге және оны күнделікті өмірде қолдануға бағытталған.