«Адалдық сағаты» курсанттарға адалдықтың
Бейсенбі, 5 Желтоқсан 2024
9 желтоқсан күні қоғамда адалдық пен ашықтықтың маңыздылығын еске салатын Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні әлем бойынша аталып өтіледі. Осы маңызды күнге байланысты Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы полиция майоры А.Б. Курумбаева Жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Ж.Ш.Жалмахановпен бірге Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының кәсіби даярлау факультетінің 2 курс курсанттарына арналған «Адалдық сағаты» тақырыбында сыбайлас жемқорлық проблемалары мен оларды шешу жолдары туралы білімдерін арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дәрістер өткізді.
Бағдарлама аясында бейнероликті көру ұйымдастырылды.
«Адалдық сағаты» курсанттарға адалдықтың мәні мен оның қоғамға әсерін тереңірек түсінуге көмектеседі.