Адилов Санжар Аскенович Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды
Дүйсенбі, 11 Қараша 2024
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен полиция генерал-майоры Адилов Санжар Аскенович Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Санжар Аскенович Қарағанды академиясын басқарған қысқа мерзім ішінде оқу орнымыздың дамуына елеулі үлес қосты. Оның жетекшілігімен Академияда кәсіби білім беру деңгейі артты, заманауи оқу бағдарламалары енгізіліп, курсанттарымыздың сапалы дайындығы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды.
Санжар Аскеновичтің басқару қабілеті, стратегиялық ойлау және жоғары кәсібилігі Академияда жаңа бағыттар мен инновациялық жобалардың іске асуына жол ашты. Ол әрқашан болашақтың полицейлерін кәсіби және моральдық тұрғыдан даярлау қажеттілігіне үлкен мән беріп, осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарды.
Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы Санжар Аскеновичтің Ішкі істер министрінің орынбасары ретінде оның білімі мен тәжірибесі еліміздің құқық қорғау жүйесінің дамуына жаңа серпін беретініне сенімі мол.
Жаңа қызметіңізге табыстар тілеп, алдағы уақытта да еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жолында қажырлы еңбек етуіне тілектеспіз!