к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Академияға академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Заң факультетінің студенттері келді

Сенбі, 22 Қазан 2022

Бірлескен білім беру іс-шараларын өткізу бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 20 қазанында Академияға академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Заң факультетінің студенттері келді. Сапар аясында кәсіптік даярлық факультеті қонақтарға арналған қолданбалы мазмұндағы сабақтарды ұйымдастырды, сондай-ақ Академия аумағы бойынша экскурсия өткізді.

Сонымен, қылмыстық процесс кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы «СДТБТ АЖ-да қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу тәртібі»тақырыбында дәріс өткізді.

Бұдан әрі, KAZTOKEN аутентификациясының дербес құралдарын пайдалана отырып, СДТБТ АЖ-ның оқу демо-нұсқаларымен жабдықталған арнайы компьютерлік сыныпта «СДТБТ АЖ-дағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды электрондық форматта тергеу» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді.

Криминалистика кафедрасының оқытушылары дактилоскопиялық және трасологиялық зерттеулердің оқу аудиторияларында сабақ өткізді, ал болашақ заңгерлерді баллистикалық зерттеулер туралы “Спрут” су оқұстағышты көрсету арқылы таныстырды. Жедел-криминалистикалық полигонға бару студенттердің қызығушылығын арттырды.

Сонымен қатар, студенттер академияның лазерлік тиріне барды, онда тактикалық-арнайы даярлық кафедрасының оқытушылары атыс қаруын қолданудың дұрыстығын көрсетті. Лазерлік тирде студенттер қызықты кино сюжетімен белгілі бір жағдайды модельдеуді қолдана отырып, қаруды қолданудың практикалық дағдыларын үйренді.

Сондай-ақ, қонақтар Академия мұражайына барды. Студенттер келесі 2023 жылы 100 жасқа толатын ҚЖМ бірінші бастығы әділет генерал-майоры Б.С. Бейсеновтың өмірбаянына қызығушылық танытты және мұражайдың екінші залында орналасқан заманауи тарих экспонаттарымен қызығушылықпен танысты. Шақырылған студенттер Академия түлектері – заң ғылымдарының докторлары И.Ш. Борчашвили, М.Ч. Когамовтың және т. б. оқулықтары мен дәрістері бойынша оқитындарын айтты.

Сапар соңында студенттер Академияның профессорлық-оқытушылық құрамына өткізілген сабақтары үшін алғыстарын білдіріп, мұндай сабақтарды басқа тақырыптар бойынша мүмкіндігінше жиі өткізу қажет деп есептеп, мұражай меңгерушісіне мазмұнды экскурсия үшін алғыстарын білдірді.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ