Академияда заңсыз көші-қонға қарсы күрес орталығы ашылды
Среда, 9 июля 2025

2025 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы ІІМ мен Еуропалық Одақтың Орталық Азияда шекараны басқаруды жетілдіру жөніндегі 10-фазалық бағдарламасы (БОМКА 10) аясындағы келісімдерге сәйкес, Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы күрес бойынша мамандарды даярлау орталығының оқу аудиториясы салтанатты түрде ашылды. Бұл маңызды іс-шараға Еуропалық Одақ пен БОМКА 10 ұлттық кеңсесінің өкілдері қатысты. Аудитория заманауи оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталып, мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған. Орталықтың ашылуы заңсыз көші-қонға қарсы күресте маңызды қадам болып табылады және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.