Ал, мен ес білгелі полиция офицері болуды қаладым
Жұма, 22 Қазан 2021
- Анам менің әйгілі күйсандықшы болғанымды армандады, – деп еске алады Академияның 2 курс курсанты Әмина Қойшыбаева. Ал, мен ес білгелі полиция офицері болуды қаладым.
Алайда, екеуін қатар алып жүру мен үшін қиынға соқпады. Жаныңның нәзік қылын музыка арқылы жеткізуге болады. Оқу орнының акт залынан күйсандықтың үні естіліп жатса, оның құлағында ойнап жатқан Әмина деп топшылай беріңіз.
Әмина туған қаласы Қостанайда орта мектепті бітірген соң, 2020 жылы ІІМ Академиясына оқуға түседі. Қызын төрт жылға казармалық өмірге жібергісі келмесе де, ата-анасы оның шешімін мақұлдаған. «Әке-шешем маған үлкен үміт артып отыр, ақтауға тиіспін. Оқуымды ойдағыдай аяқтап, туған қаламда тергеуші болып тер төгуді мақсат етудемін.Қызметтен қолым қалт еткенде сүйікті аспабымда музыканы да қолға алуға болады. Айтса нанғысыз, адам өзінің аспабын да аңсайды екен, – дейді Әмина.
ІІМ Академиясында өте бағалы, “Fuchs&Mohr” неміс күйсандығы тұр. Бұл өте сирек кездесетін түрі. Мереке күндері мен салтанатты шараларда бұл аспаптың үні Академиялық корпустың әр бұрышынан естіліп жатады.