Қарағанды академиясы базасында сыртқы келбеттің генетикалық негіздерін зерделеуге кірісті.
Сәрсенбі, 19 Мамыр 2021
2021 жылғы 13-28 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы базасында Қазақстан Республикасы БҒМ «Тері түсінің, шаштың және көздің нұрлы қабығының генетикалық өзгермелілігін зерттеу» атты гранттық жобасы аясында ғылыми зерттеулер басталды.
Жобаның идеясы HIrisPlex-S жүйесін пайдала отырып, сыртқы келбеттің фенотиптік әртүрлілігінің генетикалық негіздерін зерделеу үшін алғышарттар жасау болып табылады. Жобаның нәтижелері көрсетілген жүйенің валидация проблемасын шешуге мүмкіндік береді және оны қазақстандық сот-медициналық сараптама мен құқық қорғау қызметінің тәжірибесінде пайдалану мүмкіндігі туралы сұраққа жауап береді.
Академияның ҒЗИ ІІО қызметін криминалистикалық қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу орталығы және Қазақстан Республикасы БҒМ ҒК Ұлттық биотехнология орталығы жобаны жүзеге асырумен айналысады.
Жоба шеңберінде Академияда өткізілетін ғылыми іс-шаралар адам генін сәйкестендірудің жаңа құралдары мен тәсілдерін қолдануға және оларды қылмыстарды ашу мен тергеуде пайдалануға бағытталған. Бұдан басқа, зорлау және адам өлтіру туралы істерді сотқа дейінгі тергеп-тергеуде ДНҚ-профильдерді пайдалану бойынша шет елдердің тәжірибесі зерделенетін болады.
Бүгінгі таңда зерттеу жүргізу үшін биологиялық материал жинау басталды. Ғылыми іс-шараларға қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады.
«Шетелде, өз ұлтының популяциясы үшін, биоматериалға сәйкес адамның сыртқы келбетін құруға мүмкіндік беретін жүйе жасалды. Біз іске асырып жатқан жоба бұл бағдарламаны растауға бағытталған, бірақ қазақстандық популяциямен. Егер нәтижелер оң болса, бұл сот медицинасында, криминалистикада серпіліс жасауға мүмкіндік береді және қылмыстарды ашуға және тергеуге көмектеседі»,- деп түсіндіреді Қарағанды академиясы ҒЗИ ғылыми қызметкері (PhD) докторы М.К. Жабагин.
Жобаны іске асыру шеңберінде эмпирикалық материалдарды, биоматериалдарды жинаумен қатар дөңгелек үстел, дәрістер, семинарлар өткізу жоспарланған.