Қарағанды академиясы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектісі ретінде аккредиттелді
Сәрсенбі, 11 Мамыр 2022
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 ж. 11 мамырдағы куәлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектісі ретінде аккредиттелді.
АККРЕДИТТЕУ БІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ?
Жоғары оқу орындарының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектісі ретінде аккредиттелуі оларға өз мамандықтары бойынша ғылыми конкурстарға қатысуға мүмкіндік береді. Аталмыш куәлік Академияға «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» мамандық тобы, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қамтитын тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты арқылы ғылыми-техникалық қызмет конкурстарына қатысуға құқық береді.
Келіп түскен қаражатты ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, сондай-ақ Академияның материалдық-техникалық базасын әрі қарай жетілдіру мақсатында пайдалану жоспарланып отыр.