Қарағанды Академиясында қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнаманы жетілдірудің болашағы талқыланды
Бейсенбі, 15 Сәуір 2021
2021 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығындағы заң ғылымының жетістіктері» атты жас ғалымдардың ғылыми форумы аясында «Қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру перспективалары және қылмыстың алдын алу мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына Академияның оқытушылары, докторанттары мен магистранттары, сондай-ақ отандық және шетелдік ғалымдар қатысты.
Сөз сөйлеушілер қылмыстық заңнаманың өзекті аспектілерін талқылады, қылмыстық сот төрелігі жүйесінің жаңалықтарын іске асыру және ізгілендіру мәселелерін қарастырды, сондай-ақ отандық және ресейлік заңнамаға салыстырмалы-құқықтық талдау жасалды. Баяндама нәтижелері бойынша ғылыми пікірталас болды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының нормаларын қолдану мен жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша практикалық ұсынымдар әзірленді.