Қарағанды академиясының бастығы Ақынқали Дәрменов Теміртау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Оқу орталығындағы жатақханаларындағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді
Жұма, 8 Қазан 2021
Қарағанды академиясының бастығы Ақынқали Дәрменов Теміртау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Оқу орталығындағы жатақханаларындағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.
Естеріңізге сала кетейік, жөндеу жұмыстары АҚШ елшілігінің қауіпсіздігі саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен АҚШ дипломатиялық миссиясы құрған жобаны жүзеге асыру аясында жүргізілуде.
Жоба ұйымдастырушыларымен бірге Академия басшысы жөнделетін объектілерді аралап шықты, жұмыстың аралық нәтижелерімен танысты.
«Бүгінгі таңда жоба толығымен аяқталды. Шатырға күрделі жөндеу жүргізілді, жатын бөлмелері стандартқа сай жабдықталды, жылу жүйесі ішінара ауыстырылды, жоғары сапалы ағаш есіктер орнатылды. Кішігірім әрлеу жұмыстары ғана қалды. Пайдалануға берудің күтілетін мерзімі – 2021 жылдың желтоқсан айы », – деп түсіндірді жоба ұйымдастырушылардың бірі, майор Томас Антонофф. (редакциядан: 4-5 қабаттағы және жертөледегі жылу жүйесі толық ауыстырылды)
Академия басшысының келесі тексеріс сапары жылдың қараша айына жоспарланды.