Қазақстан Конституциясы күні
Дүйсенбі, 30 Тамыз 2021
Қазақстан Конституциясы күні – мемлекеттік деңгейдегі аса маңызды оқиға. Конституция-заңдылық пен тәртіптің өзегі, ел егемендігінің құқықтық негізі, демократия мен халық бостандығының кепілі. Өйткені, Конституция-әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі. ҚР Конституция күні еліміздің әрбір тұрғыны үшін үлкен маңызға ие. Конституция қазіргі Қазақстанның барлық жетістіктерінің, өркендеуі мен тұрақтылығының негізіне айналды.
Жалпы кітапхананың оқу залында кітапхана қызметкерлері 2 курс курсанттарымен және кәсіби дайындық факультетімен бірлесіп «Конституция-тәуелсіздік кепілі» тақырыбында ақпараттық-танымдық сағат өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты-Отанға деген сүйіспеншілікті, өз мемлекетіне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал ету, оны қайта құруға қатысуға ниет қалыптастыру. Сондай-ақ кітап көрмесі безендіріліп, Конституцияның қалыптасуы туралы викториналық сұрақтар қойылды. Кітап көрсемінде жалпы кітапхана қорынан мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде және оның қалыптасуы туралы әдебиеттер, ҚР конституциясы мен заңдар жинақтары, ғылыми конференциялардың материалдары және т.б. ұсынылды.
Конституция күнін мерекелеу – азаматтар, әсіресе жастар арасында конституциялық құндылықтарды құруға және таратуға бағытталған тәрбиелік сипаттағы өркениетті іс-әрекет болып табылады.