к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы оқу орындары арасындағы ынтымақтастық бағыттарын талқылау үшін Днепропетровск мемлекеттік ішкі істер университеті басшылығының Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесуіне қатысты

Бейсенбі, 8 Шілде 2021

Достар! Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы оқу орындары арасындағы ынтымақтастық бағыттарын талқылау үшін Днепропетровск мемлекеттік ішкі істер университеті басшылығының Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесуіне қатысты.

Халықаралық ынтымақтастық Қарағанды академиясы қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатынын ескере отырып, бұл кездесу біздің ЖОО үшін маңызды болды.

Іс-шара барысында оқу орындары қызметінің презентациялары ұсынылды, ғылыми-педагогикалық әлеуетті арттырудың, оқу процесіне заманауи технологияларды енгізудің өзекті мәселелері, құқық қорғау органдарының болашақ қызметкерлерін даярлаудың қолданыстағы механизмдері мен практикасы қаралды.

Жоғары оқу орындарының басшылары полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов және полиция полковнигі Андрей Фоменко алдағы уақытта да жоғары оқу орындарының арасындағы жемісті өзара ынтымақтастыққа толыққанды сенім білдірді.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі делегациясының Днепр қаласында кездесулер циклі аясында және Қазақстанның Астана күніне орай өткізілгенін еске салып кеткен абзал болар.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ