к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлері «Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл: проблемалар мен шешу жолдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Жұма, 21 Мамыр 2021

Іс-шара ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында бейнеконференцбайланыс режимінде өтті.
Конференция жұмысына Президенттің Көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Исекешев Әсет, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Закиева Динара, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Чиндалиев Әсет, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Асылова Бибігүл, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Әзімова Эльвира, Қазақстан Республикасы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Саин Аружан, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Ошақбаев Рахым, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің қатысуымен өтті.
Іс-шара барысында қабылданған шаралар жиынтығының арқасында соңғы 7 жылда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар деңгейі 5 есеге қысқарғаны атап өтілді. Бұл ретте кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғатын қылмыстардың саны 35% – ға азайды.
Отбасындағы қолайсыз психологиялық ахуал, тұрғын үй және тұрмыстық тәртіпсіздік, балалардың қадағалаусыз қалуы балаларға қарсы қылмыс жасаудың негізгі себептері болып табылатыны атап өтілді.
Ішкі істер министрі Е.З. Тұрғымбаев  уәкілетті құқық қорғаушылар мен қоғам әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағын қамтамасыз ету үшін күш біріктіріп, барлық шараларды қабылдауы тиіс екенін атап өтті.
Конференцияның нәтижесі бала құқықтарымен байланысты өзекті мәселелерді талқылау және балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін әзірлеу болды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша сотқа дейінгі тергеу органдарының қызметіне әйел тергеушілерді мамандандыру енгізілген болатын. Әйелдер, балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы қылмыстарды тергеумен айналысады.
Бүгінгі таңда Қарағанды академиясында тергеу мамандануы бойынша арнайы пәндерді оқитын 200-ден астам қыз бала оқиды. Оның ішінде «Отбасы мен кәмелетке толмағандарға» қарсы қылмыстарды тергеу бойынша оқу бағдарламасы дайындалды, оған сәйкес тергеу бөлімшесінің әр қызметкері осы топтың қылмыстарын тергеу бойынша дайындықтан өтеді.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ