Қазақстан Республикасы ІІМ мен Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымдастырған «Полицияның шерулер кезіндегі жұмысы» атты оқыту семинар-тренингке қатысты
Понедельник, 12 декабря 2022
Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымдастырған «Полицияның шерулер кезіндегі жұмысы» атты оқыту семинар-тренингке қатысты. Семинардың мақсаты – полицияның демонстрациялар кезінде туындайтын мәселелерді шешудегі белсенділігі болып табылады. Сарапшылар ретінде Португалия полициясының полковнигі Антонио Мело, сарапшы — медиатор Гүлмайдан Уразбаева, сарапшы — психолог Лола Шәкімова қатысты.