«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» пәні бойынша өңірлік олимпиадаға қатысты
Сейсенбі, 14 Наурыз 2023
ІІМ Қарағанды академиясының курсанттары Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде өткен «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» пәні бойынша өңірлік олимпиадаға қатысты. Жоғарыда аталған олимпиадаға Қарағанды қаласының барлық жоғары оқу орындарының заң мамандықтары бойынша оқитын студенттері қатысты.
Табанды жарыс нәтижесінде 1 дәрежелі дипломмен » КВШ » командасы марапатталды. Команда қатысушылары, 210 оқу тобының курсанттары Коваленко Захар, Коваленко Назар, Галеев Артур, Пахирдинова Карина. Ғылыми жетекшісі жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Гүлдана Аубәкірова.
3 дәрежелі дипломмен «Ішкі істер құрамасы» командасы марапатталды. Команда өкілдері КДФ 2 курс курсанттары, Қайыржанов Заңғар, Қалманбек Асылбек, Шәкір Ділназ, Аманғалиева Тоғжан. Ғылыми жетекшісі жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы Ерсұлтан Абенов.
Курсанттарымызды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және оларға одан әрі табыстар мен жетістіктер тілейміз!