Қазіргі заманғы білім беруді дамытудың тәжірибесі, проблемалары мен перспективалары
Бейсенбі, 28 Қазан 2021
«Құқық қорғау, сот және арнайы органдардың профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі жол картасын» іске асыру аясында Академияның оқу-әдістемелік орталығы онлайн-режимде «Қазіргі заманғы білім беруді дамытудың тәжірибесі, проблемалары мен перспективалары» тақырыбында жоғары оқу орындары арасында оқу-әдістемелік жиындарды өткізді.
Жиынға қатысушылар оқыту әдістемесін жетілдіру, инновациялық технологиялар мен сабақ жүргізу тәсілдерін қолдану бойынша тәжірибемен алмасып, қашықтықтан оқытудың ерекшеліктерін талқылады.
Баяндамалардың тақырыптары әртүрлі және өзекті болды: дәстүрлі сабақ түрлерін өткізудің ерекшеліктері, қос дипломды білім беру бағдарламалары, криминалистикалық және оқу полигондарын пайдалану, сабақ өткізу кезінде ЖОО оқытушысының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері және т. б. талқыланды.
Сындарлы диалог барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру жүйесіне дәлелді және білікті педагогтер қажет екендігі туралы сөз тағы бір мәрте расталды.