Бүгін біздің Академиямыздың қабырғасында салтанатты рәсім
Сенбі, 9 Қазан 2021
Бүгін біздің Академиямыздың қабырғасында салтанатты рәсім – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті докторанттарының кезекті бітіруі болды. Бүгінгі салтанат үш жылдық ғылыми еңбекті бейнелейді, оның артында ғылыми кеңесшілердің және Академия оқытушыларының жоғары кәсібилігі мен тәжірибесі тұр.
Барлығының алдында ғылыми қалыптасудың тағы бір кезеңі – бұл диссертацияны қорғау! Докторанттар өздерінің диссертацияларын сәтті қорғағаннан кейін өздерінің alma mater, сонымен қоса ҚР ІІО барлық жүйесінің ғылыми әлеуетін толықтырады деп біз сенеміз.