к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттарымен кездесті.

Бейсенбі, 3 Маусым 2021

2021 жылғы 3 маусымда бейнеконференция байланысы режимінде Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин ІІМ Қарағанды академиясының курсанттарымен кездесті. Аружан Саин – қоғам қайраткері, тележүргізуші, «Мейірімділік» ерікті қоғам қайырымдылық қорының директоры, Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл. Аталған іс-шараны өткізу Мемлекет басшысының әйелдер мен балалардың құқықтарын зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында академия басшылығымен бастамашылық алды. Кездесудің ашылуында Қарағанды академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов атап өткендей «Соңғы 7 жылда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар деңгейі 5 есеге төмендегені байқалады, кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қол сұғатын қылмыстар саны 35% – ға азайды. Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар деңгейін төмендету жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған бірқатар заңнамалық және ұйымдастырушылық шаралар қабылдауда. Кәмелетке толмағандардың істері және балаларды қорғау жөніндегі бөлімшелердің саны екі есеге дерлік ұлғайды, әйелдер мен балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықты тергеп-тексеру бойынша тергеуші әйелдердің мамандануы енгізілді«. Кездесу барысында омбудсмен өз жұмысының ерекшеліктерімен бөлісті, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде кездесетін негізгі сәттерге тоқталды. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар, суицидтер, сондай-ақ жасөспірімдер қылмысы мәселелері қозғалды, балалар омбудсмені өз сөзінде зорлау құрбандарының жеке басының құпиялылығы, олардың қорғалу құқығының маңыздылығын ерекше атап өтті. Дәріскер кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың төмендеуіндегі шешуші рөлді оның алдын алудан көреді. Кездесу қорытындысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді және тараптар одан әрі ынтымақтастықта болу ниеті туралы келісті.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ