«Басқару стильдері» тақырыбындағы тренинг
Бейсенбі, 14 Қараша 2024
Академиямыздың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен «Басқару стильдері» тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты мамандардың жұмысын жақсарту үшін әртүрлі басқару стильдерін қолдану дағдыларын меңгеру болды.
Тренинг барысында әртүрлі басқару стильдерінің тиімділігі талқыланып, әрбір стильдің ерекшеліктері мен артықшылықтары қарастырылды. Қатысушылар менеджменттің түрлі тәсілдерін өз жұмысына бейімдеп, өз командасын басқаруда тиімді әдістерді қолдану жолдарын үйренді. Бұл шара мамандардың кәсіби дамуына үлкен ықпал етіп, олардың көшбасшылық қасиеттерін арттыруға мүмкіндік берді. Академиямыздағы басқару үрдістерін жетілдіру бағытында осындай тренингтер болашақта да тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады.