Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне сертификат табыстау рәсімі өтті
Сенбі, 6 Шілде 2024
ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында ішкі істер министрлігі мен төтенше жағдайлар министрлігі бекіткен төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымында Анықтау бөлімшелерінің жұмыс істеуі жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралардың бірлескен жоспары шеңберінде қосымша білім беру факультетінде 2024 жылғы 24 маусым мен 05 шілде аралығында ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының анықтаушылары үшін біліктілікті арттыру курстары өтті.
Курс бағдарламасы тергеу кезінде қызметтік міндеттерді шешу үшін жаңа теориялық білім алуды, бұрыннан бар дағдыларды жетілдіруді және дамытуды қамтиды.
Курс соңында салтанатты іс-шара өтіп, тыңдаушыларға сертификат табыс етілді.