Cпартакиада спорттың 2021
Дүйсенбі, 25 Қазан 2021
ІІМ Қарағанды Академиясында жыл сайын бірінші бастық, генерал-майор Бәрімбек Бейсеновты еске алуға арналған күзгі және көктемгі-жазғы спартакиада өтеді. 17 қазанда дене шынықтыру кафедрасының ұйытқы болуымен спартакиаданы спорттың 12 түрінен ашық деп жариялаған «Алтын күз» жүгіру кросы басталды. Жүгіруде 2 курс курсанттары жүйріктігімен танылса, бірінші курстар екінші орынға табан тіреді. Курсанттардың спорттық шаралары жоспарланған. Енді олар эстафеталық жарыстарға қатысып, волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, мылтық ату бойынша бақ сынайды.
Міне, 37 жыл қатарынан аталмыш спартакиада командалық рухты көтеру және жастар арасында спортты дамыту мақсатында Академияда өткізіліп келеді. Бұдан бөлек, біздің курсанттарымыз қала мен облыстың барлық спорттық іс-шараларына белсене қатысады. Мысалы, жақында дзюдодан Қарағанды облысының чемпионаты өткен-тін. Онда курсантымыз Аян Әмзе бірінші орынды қанжығасына байласа, Ақжан Нұрғалиқызы жүлделі ІІІ орынды еншіледі. Біз өз тарапымыздан спортшыларымызды жеңістерімен құттықтап, толағай табыс тілейміз.