Дөңгелек үстел өткізілді
2021 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Криминалистикалық портреттік (габитоскопиялық) зерттеулерді әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру» тақырыбында қашықтықтан дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық департаменті, ҒЗИ ІІО қызметін криминалистикалық қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел жұмысы келесі мәселелерді қарастыруға бағытталды: криминалистикалық портреттік (габитоскопиялық) зерттеулерді әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру; Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық департаменті 2021 жылы дайындаған оқу-әдістемелік материалы. Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел – криминалистикалық департаментінің бастығы, полиция полковнигі Серік Айтбайұлы Садықов алғы сөзбен қаралып жатқан тақырып бойынша баяндама жасады. Модератор – Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Сергей Александрович Стихеев. ҒЗИ ІІО қызметін криминалистикалық қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу орталығының бастығы полиция полковнигі Сайдамарова Виктория Викторовна 2021 жылғы зерттеу тақырыбы бойынша баяндама жасады.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің қызметкерлері, Республика ІІО аумақтық жедел – криминалистикалық қызметтерінің және Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Ғылыми – зерттеу институтының қызметкерлері қатысты. Форум жұмысы пікірталас және ақпараттық сипатта болды. Дөңгелек үстел жұмысының нәтижелері бойынша материалдарды практикалық және оқу қызметіне енгізу бойынша бағыттар әзірленді.