Е-қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тергеудің басталуы
Дүйсенбі, 26 Желтоқсан 2022
Кәсіби даярлық факультеті қылмыстық процесс кафедрасымен бірлесіп онлайн-сабақ ұйымдастырды, оның шеңберінде СҚО ПД анықтау басқармасының бастығы Табарин Сергей 3 курс курсанттарына «Е-қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тергеудің басталуы» тақырыбында дәріс оқыды. Сабақ барысында қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды тіркеу мәселелері, сондай-ақ электрондық қылмыстық істі жүргізу тәртібі зерделенді. Дәріскерге қылмыстық істерді электрондық форматта жүргізу кезінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын қолдану жөнінде сұрақтар қойылды. Мұндай сабақтар өңірлермен тығыз байланыста болуға, сондай-ақ ІІО аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінен практикалық қызмет бойынша түсініктемелер алуға көмектеседі. Аталған іс-шара қазақстандық полицияның 30 жылдығына арналды.