к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Екінші орынды ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы жеңіп алса

Жұма, 29 Қыркүйек 2023

Бүгін ІІМ Қарағанды академиясында Қазақстанның күштік ведомстволары жоғары оқу орындарының курсанттары арасында өткен, курсанттардың спорттық шеберлігінің деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спортты жан-жақты дамыту мақсатында ұйымдастырылған ҚР Ішкі істер министрі кубогының спартакиадасының жабылу салтанатты іс-шарасы өтті.

Бұл жарыста 5 команда бақ сынасты:

  1. ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы
  2. ҚР Ұлттық ұланының академиясы
  3. ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы
  4. ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы
  5. ІІМ Қарағанды академиясының алғашқы даярлық курсы.

Командалық есепте жеңіске жеткен ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы. Екінші орынды ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы жеңіп алса, үшінші орынды ҚР Ұлттық ұланының академиясы қоржынына байлады.

Командаларды жеңістерімен құттықтаймыз! Болашақта да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ