Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтікізіледі
Жексенбі, 2 Сәуір 2023
12 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының негізін қалаушы, құқық профессоры Бәрімбек Сәрсенұлы Бейсеновтың 100 жылдық мерейтойына арналған жас ғалымдардың «Заң ғылымының қазіргі даму үрдістері» атты аралас (онлайн/офлайн) форматта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтікізіледі.
Талқылауға келесі мәселелер шығарылады:
- Заң ғылымының дамуы: мәселелері мен болашағы;
- Гендерлік зорлық-зомбылықты алдын алу және қауіпсіз қоғамды қалыптастыру;
- Құқықтық қорғау және қауіп-қатерлерлерге қарсы әрекет ету: буллинг, интернет-қылмыс, синтетикалық есірткі;
- Полицияның қоғаммен және БАҚ байланысы.
Конференция аясында «Үздік ғылыми жарияланым» атты жас ғалымдардың халықаралық конкурсын өткізу жоспарлануда.
Байқау жеңімпаздары «Үздік ғылыми жарияланым» номинациясы бойынша бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Байқау қорытындысы 2023 жылдың 12 сәуірінде шығарылады.