к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Бейсенбі, 7 Қазан 2021

Мемлекет басшысы, Қ-Ж.К. Тоқаев өзінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қылмысқа қарсы іс – қимылдың басым бағыттарын-алаяқтықпен, қаржы пирамидаларымен, балаларға, әсіресе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қарсы жыныстық қылмыстарға, есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күрес шараларын күшейтуді білдірді.

Осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында 2021 жылғы 7 қазанда ІІМ Тергеу департаментінің бастығы полиция полковнигі Санжар Әскенұлы Әділовтың басшылығымен Қарағанды академиясы базасында ғылыми-практикалық конференция өткізілді, оған аумақтық полиция департаменттерінің тергеу бөліністерінің басшылары, ІІМ жоғары оқу орындарының басшылығы мен ғылыми-педагогикалық құрамы, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ унивеситетiнiң ректоры қатысты және қылмыстық іс жүргізу құқығы саласындағы басқа да көрнекті отандық ғалымдар қатысты.

IIM Тергеу департаментінің бастығы С.Ә. Әділов өз сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша тергеу жұмысының тиімділігін арттыру бойынша жедел, жан-жақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Қылмыстық істердің аталған санаттары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ғылымы мен практикасының өзара іс-қимылын күшейту тапсырылды.

Конференция барысында Қарағанды академиясының ғылыми-зерттеу институты электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жасалған интернет-алаяқтықтардың, қаржы пирамидаларының, кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыстардың, сондай-ақ есірткі қылмыстарының алдын алу, ашу және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды таныстырды. Осы Әдістемелік ұсынымдар Академия бастығы Дарменов Ақынқали Дәуітбайұлының тікелей басшылығымен әзірленді. Мемлекет Басшысының тапсырмаларын тиімді іске асыру мақсатында тиісті қылмыстық істер бойынша тергеу практикасының сапасын арттыруға және тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіс.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ