Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі
Сейсенбі, 2 Қараша 2021
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі » Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде берілген қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілдерді кеңейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы сервистік тәсілдерді енгізу жөніндегі жобаны іске асыру үшін ел өңірлерінде құрылған ведомствоаралық топтар мүшелерін оқыту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З. Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша Қарағанды академиясының қызметкері С. Молбасин Алматы қаласы, Павлодар және Ақтөбе облыстарынан кейін ағымдағы жылғы 22-30 қазан аралығында ІІМ және Нұр-сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің өкілдері қатарынан құрылған жұмыс тобының құрамында Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының ведомствоаралық топтарының мүшелері үшін тренинг өткізді.
Тренинг шеңберінде қатысушылар сервистік тәсілдердің тұжырымдамасымен, қағидаттарымен және элементтерімен, ведомствоаралық топтардың жұмысын ұйымдастыру кезеңдерімен танысты, сондай-ақ оларға сервистік тәсілдерді қолдану бөлігінде Ұлыбритания және Канада полициясының тәжірибесі таныстырылды, Қарағанды қаласында іске асырылатын пилоттық жобаның негізгі нәтижелері ұсынылды.