Әкелер күніне арналған салтанатты саптық сәлем
Четверг, 19 июня 2025

15 маусым – Әкелер күніне орай Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 53-шығарылым түлектері алғашқы арнаулы атақтарын алғаннан кейін өз әкелеріне құрмет көрсетіп, саптық сәлем берді. Бұл шара тек әскери дәстүр ғана емес, сонымен қатар ұрпақтың әкеге деген шексіз құрметі мен ризашылығының айқын көрінісі болып табылады. Әке – тәрбие мен табандылықтың, ұстаздық пен жауапкершіліктің үлгісі ретінде танылған тұлға. Барша әкелерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, балаларыңыздың жетістігі мен қуанышы мол болсын деп тілейміз!