Әулет сабақтастығы: Токубаевтар отбасының үлгісі
Среда, 9 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында қызмет атқаратын Токубаевтар отбасы кәсіби шеберлік пен ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Токубаев Зайрулла Сембаевич – заң ғылымдарының докторы, профессор, зейнеттегі полиция полковнигі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Құрметті қызметкері» атағына ие. Ол өзінің өмірін қылмыстық құқық пен криминология саласындағы ғылыми-педагогикалық қызметке арнап, 120-дан астам ғылыми еңбек жариялап, ондаған болашақ ғалымдарға жетекшілік етті. Оның жолын жалғастырған ұлы – Токубаев Шыңғыс Зайруллаұлы, қазіргі уақытта Академияның қосымша білім беру факультетінде оқытушы-әдіскер ретінде қызмет атқаруда. Ол да әкесінің жолын үлгі тұтып, жас мамандарды оқытып, тәжірибе мен білімді ұштастыруға күш салып келеді. Сонымен қатар, Токубаевтар әулетінің тағы бір өкілі – Қуандық Зайруллаұлы. Ол Қарағанды академиясында PhD дәрежесін қорғап, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ІІМ Павлодар қаласындағы оқу-әдістемелік орталығының бастығы қызметін атқарады. Бұл отбасы құқық қорғау саласына адал қызмет етудің, білім мен тәрбие арқылы болашақ офицерлерді даярлаудың нағыз символы болып табылады.