ІІМ Қарағанды академиясында 2023 жылдың өткен жартыжылдығының қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті
Сейсенбі, 4 Шілде 2023
ІІМ Қарағанды академиясында 2023 жылдың өткен жартыжылдығының қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті.
Академия бастығы Ақынқали Дәрменов Мемлекет басшысы қатысқан ІІМ алқасының нәтижелері туралы ақпаратты басшы құрамның назарына жеткізді.
Кеңесте Академиядағы тәрбие, психологиялық, кадрлық жұмыстар туралы есептер тыңдалды.
Бастық академияны цифрландыруға, алдағы 2023-2024 оқу жылында оқу процесін жетілдіруге ерекше назар аударды.
Басшылар алдағы жартыжылдыққа бірқатар міндеттер қойды, оның ішінде курсанттардың үлгерімін арттыру, тиімді тәрбие және Бәрімбек Бейсеновтің 100 жылдығы аясында өткізілуі тиіс идеологиялық іс — шаралар жұмысы.