к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

ІІМ Қарағанды академиясында Республика күні қарсаңында «Жас полицейлер» салтанатты түрде ант қабылдады!

Сәрсенбі, 25 Қазан 2023

ІІМ Қарағанды академиясында Республика күні қарсаңында «Жас полицейлер» салтанатты түрде ант қабылдады!

Қарағанды академиясының ұсынысымен, Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен қаламыздағы «Алаш» қайраткері, тұңғыш заңгер Жақып Ақбаев атындағы мектептің 8 сынып оқушыларынан құралған «Жас полицей» сыныбының ашылуы өтті.

Бұл сыныптарды құрудың мақсаты: Қазақстан Республикасының үлгілі азаматтарын тәрбиелеу, құқықтық тәртіпті, спортты және салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақ арасында кәсіби бағдар беру, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі тәрбиелеуге көзқарас қалыптастыру.
Бұл жоба Қарағанды облысының аумағында алғаш рет іске асырылды.

Академия бастығы Ақынқали Дәрменов Отанымыздың игілігі үшін қызмет етуге ант берген жас полицейлерді құттықтап, анттарына берік болып, Отан алдындағы міндеттерін абыроймен атқарып, өздерінің тәрбиелі, білімді және қайратты екендерін көрсетулерін тіледі.

Іс-шараға Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ляззат Ақылжанова, Ж.Ақбаев атындағы мектеп директоры Ермек Ерқанат, Қарағанды қаласы полиция басқармасы жанындағы азаматтық қоғаммен өзара

іс-қимыл және әріптестік жөніндегі кеңесінің төрайымы Ирина Назырова, оқушылардың ата-аналары мен Академияның жеке құрамы қатысты.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ